Жол-көлік оқиғасы дауы медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотқа аз.Ч-нен аз.Ж-тан материалдық және моральдық залалды өндіру туралы талап – арызы түскен.

Талап арызға сәйкес, 12.05.2017 жылы  мөлшері сағат 22.00 кезінде Преображенка-Көкпекті тас жолында жол-көлік оқиғасы болған. Осы жол-көлік оқиға салдарынан аз.Ч-ге материалдық шығын келтірілген, яғни  оған тиесілі «Фольцваген Пассат» автокөлігі бүлінген.

Жоғарыда көрсетілген негізінде талапкер Ч. жауапкер Ж-тан 400 000 теңге материалдық шығын және 300 000теңге моральдық зиян өндіруді сұраған.

Сотта тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.

Аталған келісімге сәйкес жауапкер Ж. талапкердің Ч-нің «Фольцваген Пассат» автокөлігін 01.09.2017 жылға дейін жөндеп, соттан істі медиация тәртібімен қысқартуды, ал талапкер талап арыздан бас тартып, соттан істі медиация тәртібімен  қысқартуды сұрауға міндеттенді.

Медиациялық келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым  заңды күшіне еңген жоқ.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі