Зырян аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында құқықтық мәдениетті насихаттау, сот жүйесіне қолжетімділікті және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аудандық соттың төрағасы А.Е.Исмагулов  келушілерге аудандық сот қызметінің негізгі бағыттары туралы, ашықтық және соттың жариялау қағидаларын сақтау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық өкілдермен өзара іс-қимыл туралы айтып өтті.

Сот төрағасының қабылдауына аудан тұрғындары еңбек дауларына байланысты және қарызды өндіру туралы сұрақтарымен жүгінді.

А.Е.Исмагулов азаматтарды тыңдап, барлық қойылған сұрақтарға заңнамаға сәйкес түсіндірумен толық жауаптар қайтарды.

 

Зырян аудандық сотының

 баспасөз қызметі