«Іс жүргізу ережесіне сәйкес сот істерін және құжаттарды беру тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында «Іс жүргізу ережесіне сәйкес сот істерін және құжаттарды беру тәртібі» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Семинар барасында аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақов 2016 жылдың 5 наурызындағы №6001-16-7-6/89 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Департаменті басшысының өкімімен бекітілген іс жүргізу ережесі аудандық және оған теңестірілген соттарда, аудандық соттарда іс жүргізу мен ұйымдастыру тәртібін анықтайтынын атап өтті. Аталған құжат айналымын қамтамасыз ету нұсқаулығы мен жалпы талаптарында қолданылатын басты ұғымдар туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.   

Аудандық сотының бас маманы М.Дзюба іс жүргізу ережесінде көрсетілген сот істерін және құжаттарды беру тәртібін түсіндіре отырып, баяндама жасады. Сот мамандарымен туындаған сұрақтар талқыланып, пікірлерімен алмасты.

Іс-шараның соңында көрсетілген ережелер іс жүзінде жұмыста басшылыққа алынатыны атап өтілді.  

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі