Жеке сот орындаушыларының әрекеттерін шағымдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке сот орындаушысы сот актісін орындап болғаннан кейін атқару өндірісін қысқартып, өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулы қабылдап, оны орындау үшін борышкер Ж-ға. ұсынған.

Борышкер Ж. сотқа жеке сот орындаушысының бұл әрекеттерімен келіспей, оларды заңсыз деп тануды сұрап шағымданған, өйткені сот орындаушысымен тек оның мекен жайына хабарлама жолдаудан басқа  ешқандай жұмыстар жүргізілмеген. Оның үстіне, Ж. өзіне жүктелген міндеттерді өз уақытында орындаған. Осыған байланысты сот орындаушысының қызмет ақысы сомасын бекіту туралы қаулысының күшін жоюды немесе оның мөлшерін азайтуды соттан сұрады.

 Сот отырысында анықталғандай, борышкер Ж. сот актісін сот орындаушысы атқару өндірісін қозғағаннан кейін және орындау жөнінде хабарлама жолдағаннан кейін орындағаны анықталды. Сондай-ақ, өндіріп алушы атқару парағын мәжбүрлеп орындатуға 1,5 айдан кейін ғана ұсынғаны ескерілді. 

 «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 120-бабына сай, егер орындау барысында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілмесе, орындау жөніндегі шығыстар, өндіріп алушы енгізген аванстық жарналар өтелмесе, жеке сот орындаушысы сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығындарды өтеу туралы қаулы шығарып, оны борышкерге жібереді. Егер атқарушылық құжат ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғаннан кейін орындалса, оны орындау борышкерді орындау жөніндегі нақты келтірілген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатпайды.

Сот осы мән-жайлар негізінде сот орындаушының әрекетін заңды әрі негізді деп тауып, борышкердің шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшін енген.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі