Жеке сот орындаушыларымен жұмыс кеңесі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында жеке сот орындаушыларымен «Сот орындаушылармен электронды қарым-қатынас ақпараттық жүйесінде туындаған сұрақтарды, оның ішінде жеке сот орындаушылар тарапынан атқару өндірісін қозғаудан бас тартуды, атқару парақтарын негізсіз қайтаруды  талқылау және шешу» тақырыбына қатысты кездесуі өткізілді.

Аталған кездесуге ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының басшысының орынбасары К.Тунгушбаев, жеке сот орындаушылар Ж.Мадинова, Г.Барсанова,  Г. Оразбаев,  соттың кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова, бас маман Д.Кашкинбаева және сот отырысының хатшылары қатысты.

Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова  атқару парақтары электронды түрде жеке сот орындаушыларының аймақтық палаталарына «Төрелік» ақпараттық-талдамалы жүйесі арқылы жолданатынын, сонымен қатар, аталған жүйені іске қосқаннан бастап, атқару парақтарын орындауға жолдау бойынша  жұмыс  барысы  жеңілдеп, уақыты едәуір қысқарғанын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар жоғарыда аталған жүйені жетілдіру процесінің мәнін терең ұғынып, оны қолдану тәртібін пысықтап өзара ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі