Жәбірленушіге жеңіл дәрежедегі жарақат салғаны үшін он тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотта  ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігімен жинақталған азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында,  Т-ның ішімдік ішкен масаң күйінде өзінің тұрғын үйінде анасымен сөзге келіспей, оған жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғаны анықталды.

Құқық бұзушының кінәсі өз кінәсін мойындап берген түсінігімен қатар,  әкімшілік хаттамамен, тараптардан жауап алу хаттамаларымен, сот –медициналық сараптама қорытындысымен,  баянатпен, және істің басқа да құжаттарымен  толық бекіді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, ӘҚБтК-нің  818-823 баптарын басшылыққа алып, сот Т-ны  ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 (он) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі