Жәбірленуші мен құқық бұзушы медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Р. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  73-1 бабы 1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. танысы Т.есімді азаматпен бірге ішімдік ішіп, өзара сөзге келіспей қалып, соңында Т.-ны пышақтап, оған қасақана жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтірген.

Р. істі медиация тәртібі арқылы жәбірленушімен татуласқандығын, жәбірленуші Т. құқық бұзушыға медиация тәртібімен кешірім бергенін айтып, істі тоқтатуды сұрады.

Р. ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылып, жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі