Зайсан аудандық сотында "Медиация туралы" заңды қолдану және пилоттық жобаны іске асыру ережелері бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев жергілікті баспасөз өкілдеріне  «Медиация туралы» заңды қолдану және Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын іске асыру ережелері бойынша брифинг өткізді.

Сот төрағасы аудандық сотта сот төрелегін атқару барысында медиация институтын қолданудың сот практикасына 2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді келтіре отырып баяндама жасады, жеке санаттардағы істер бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешудің артықшылықтарына тоқталды. Медиация институтының артықшылықтары туралы халықтың арасында насихаттау жұмысын жүргізуде БАҚ өкілдерінің алатын орны ерекше екендігіне баса назар аударып, оларды бұл істе белсенділік танытуға шақырды.

Брифинг барысында баяндамашы Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру  және дауларды(жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық жоба іске қосылғанын. Оған сәйкес 2017 жылдың ақпан-шілде айларында азаматтық істер қарайтын барлық аудандық соттар даулардың жекелеген санаттары (баланың тұрығылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, алимент өндіру, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскелерінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару, кондоминимум басқару мәселелері, неке бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісімшарттары бойынша, сақтандыру) бойынша міндетті түрде тараптар арасында медиация рәсімдері жүргізілгенін, пилоттық жоба оң нәтиже беріп, қәзіргі күні бұл жоба жылдың аяғына дейін ұзартылғанын атап өтті. Пилоттық жобаның медиация институтын одан әрі дамытуда алатын орнын айта келе, жобаның мақсат-бағдарларына тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылар медиация турлы заң және Жоғары Соттың пилоттық жобасы бойынша өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптар алды.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі