Зайсан аудандық сотында «Бала құқықтары туралы конвенцияны» талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге Зайсан аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судья Н.З.Хасенбаев,  аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы, білім бөлімі, пробация қызметі өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев «Бала құқықтары туралы конвенцияның» 1989 жылы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қабылданғанын, Қазақстан Республикасы бұл конвенцияны 1994 жылы 16 ақпанда ратификациялағанын, конвенцияда бала құқықтары халықаралық талаптарға сәйкес мейлінше қорғалғанын айта келе, қазіргі таңда Қазақстанда бала құқықтарына арналған барлық заңдардың конвенция талаптарына сай келетіндігіне тоқталды. Төраға, сондай-ақ  бала құқықтарына қатысты жұмыс істейтін барлық мемлекеттік құзырлы органдар мен мекемелер өздерінің күнделікті жұмыстарында  «Бала құқықтары туралы конвенция» талаптарын қатаң сақтай отырып, тиімді қолдану керектігіне көңіл аударды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Бала құқықтары туралы конвенцияның» негізгі қағидаттарының маңыздылығы туралы өз пікірлерін ортаға салып, конвенция талаптарын күнделікті жұмыста қолданудың маңыздылығына тоқталды, тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

Іс-шара соңында  қатысушылар «Бала құқықтары туралы конвенция» қағидаттарын халық арасында кеңінен насихаттау және күнделікті жұмыста белсенді қолдану туралы бірлескен  іс-шаралар жоспарын бекітуге уағдаласты.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі