Зайсан аудандық соты 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев аудандық соттың 2017 жылдың 8 айында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Шара барысында сот төрағасы аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын статистикалық мәліметтерді келтіре отырып баяндады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың 8 айында сотпен 112 қылмыстық, 584 азаматтық және 592 әкімшілік істер қаралған. Былтырғы жылдың осы кезімен салыстырғанда сотпен қаралған істердің саны айтарлықтай артқан, былтыр барлығы 1012 іс қаралса, биыл 1288 іс қаралған. Соған қарамастан істерді қарау сапасы жақсарған. Медиация институтын қолдану арқылы 50 қылмыстық, 40 азаматтық және 39 әкімшілік істер қаралған, бұл барлық қарлаған істердің 10 пайызын құрайды

Соттың ашықтығын, қолжетімділігін және беделін көтеру мақсатында сотпен барлығы 117 іс-шара атқарылған, оның ішінде 30 мақала, 38 брифинг, 35 дөңгелек үстел, 4 баспасөз маслихаты, 7 халықпен кездесу, 3 «Ашық есік» күні өткізілген.

2017 жылдың 8 айында сотпен сот жұмысына жаңа технологияларды белсенді қолдану үрдісі қалыптасқан. Атап айтқанда 584 талап арыздың 584 талап арызы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен, бұл барлық  түскен талап арыздардың 100 пайызын құрайды. Қаралған барлық 1288 істердің 100 пайызы  дыбыс-бейнежазба жүйесінің қолданумен қаралған. Сотқа түскен істердің 100 пайызы автоматты түрде судьяларға бөлінген, заңсыз іс бөлу, қайта бөлу фаткілері орын алмаған.

Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің аудандық сотпен 8 айда атқарылған жұмыстарына байланысты қойылған сұрақтарына жауап беріп,  сөз соңында баспасөз мәслихатына қатысушыларға алғысын білдірді.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі