«Ұйымның бақылауымен заң аясында балаларға қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ұйымның бақылауымен заң аясында балаларға қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара  Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Н.Жумагулова, БҰҰ-ның қарамағындағы халықаралық балалар қорының өкілдері Гвендалин Росс, Ирина Мацкевич және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

БҰҰ-ның қарамағындағы халықаралық балалар қорының өкілдері Гвендалин Росс және Ирина Мацкевич балаларды қорғау және оларды жетілдірумен адамзаттың дамуына маңызды үлес қосып жатқанымызға  көңіл бөліп кетті.

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Н.Жумагулова баланың амандығы Қазақстан Республика үкіметінің ұстанатын саясаты екендігін айтып кетті.

Іс-шара барысында қатысушылар балаларға қызмет көрсететін пилоттық жобаның алға жылжуы жайында пікір бөлісті. Қоршаған ортаны балаға қолайлы, қауіпсіз, халықаралық стандартқа сай ету жолында қызмет атқаруымыз керек екендігі айтылып кетті.

Іс-шараның аяқталуында қатысушылар жоспарланған жоба ойдағыдай жүріп жатыр деген қорытындыға келді.

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық  сотының

баспасөз қызметі