Ұлан ауданының № 2 аудандық соты «Қазақстан Республикасындағы медиацияның даму мәселелері» тақырыбында Таврия ауылындағы Мәдениет үйінде дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Д.Аринова, судья А.А.Байжуменова, Ұлан ауданының прокурорының көмекшісі Б.А.Мамбетов, «Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ұлттық медиаторлар палатасы»  директоры кәсіби медиатор заң ғылымдарының докторы М.И.Дячук, Ұлан ауданының ІІБ ЖПҚ басшысы полиция подполковнигі М.К.Бұғыбаев, Таврия полиция бөлімшесінің басшысы полиция майоры С.А.Абдрахманов, Таврия ауылдық аймағының әкімі Д.А.Уахитов, Ұлан ауданының кәсиби емес медиаторлары Ш.К.Утепов, К.Омаров, П.И.Гречухин, сот мамандары  мен ауыл тұрғындары қатысты.

Сот төрағасы А.Д.Ариноваға бүгінгі таңдағы Медиация заңының сот істерінде қолданылу жағдайы, оның тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында кәсіби медиатор М.И.Дячук медиация жанжалды шешудің балама түрі екендігін, жанжалға қатысушы тараптар, медиация процедурасы барысында, медиатордың тәжірибесі, білімі мен дағдысына сүйене отырып, өзара тиімді шешімге келуге болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушы Ұлан ауданының прокурорының көмекшісі Б.А.Мамбетов, Таврия ауылдық аймағының әкімі Д.А.Уахитов, Таврия полиция бөлімшесінің басшысы полиция майоры С.А.Абдрахмановтың  баянаттары тыңдалды.

Іс шара соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, медиацияны сотта және сотқа дейінгі қолдануы туралы қорытындылар жасап, кәсіби емес медиаторлар мен ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауаптар берді.

 

Ұлан ауданың № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі