Судьялардың сот кураторымен кездесуі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының судьясы М.С.Құрманов куратор ретінде Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьяларымен кездесіп, семинар сабағын жүргізді.

Семинар барысында куратор М.С.Құрманов сот судьяларымен 2016 жылы және 2017 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асырудағы қорытындыларды талқылады.

2017 жылдың 1 тоқсанында сот судьяларымен 51 тұлғаға қатысты 36 қылмыстық іс қаралды және қылмыстық істер бойынша өзгертулер немесе күшін жою болған жоқ. Осыған орай, М.С. Құрманов сот судьяларының жыл бойы сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға болатын мүмкіндіктерді атап айтты.  Семинар сабағында М.С. Құрманов сот судьяларынан сот актілерін сапалы әзірлеуді, қылмыстық істерді жедел қарауды, істерді апелляциялық сатыға уақытында жіберуді және жоғарғы инстанциядан түскен қылмыстық істерді уақытында орындау мақсатында сот отырысының хатшыларын қадағалауды талап етті.

Сонымен қатар, М.С.Құрманов семинар сабағында сот судьяларына 2017 жылдың 1 тоқсанында облыс судьяларымен қаралған кейбір қылмыстық істердің санатын қараудағы кемшіліктеріне де тоқталды.

М.С. Құрманов семинар соңында қылмыстық істерді қарауда туындайтын мәселелер туралы судьялардың сұрақтарына жауап берді.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі