Архив событий

07/04/2017

Сақтандыру компаниялардың «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот актілеріне қол жеткізу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

07/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.С.Сыздыкова Семей қаласында орналасқан  сақтандыру компанияларының филиалдарының өкілдерінің қатысуымен «Сақтандыру компаниялардың «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот актілеріне қол жеткізу» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Аталған шараға судья А.Абдигалымова,  сақтандыру компанияларының филиалдарының өкілдері «Казахинстрах» АҚ - Т.Шматенко,   «Виктория» АҚ - А.Смагулова,  «Номад-Иншуранс» - АҚ,  Р.Мамарева, «Коммеск-Өмір» АҚ - Л.Агеева қатысты.  

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылау бойынша брифинг өткізілді

07/04/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауын талқылау бойынша брифинг өткізілді.

Іс шараға баспасөз қызметтерінің өкілдері қатысты.

Елбасы Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды қадам. Басты бағдарламалық құжатта таяу жылдарға арналған дамудың маңызды басымдылықтары белгіленіп, алда үлкен жұмыс күтіп тұрғаны анық.  Елбасы қойған барлық міндеттер сапалы және тиімді орындалуы тиіс.

«Ашық есік күні»

07/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №38 мектеп гимназиясы түлектерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов Қазақстан Респуликасының сот жүйесі туралы және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жөнінде айтып өтті. Сот төрағасы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өздігінен білім алудың маңыздылығы туралы айтып, кездесуге келген жастардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берді.

Семей қаласында студенттерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді

07/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарында құқықтық сауаттылық айлығын өткізу аясында Семей қаласының №2 сотында 2017 жылы 7 сәуірде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің заң факультеті студенттеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары «Заңдылық» ААЖ бойынша оқыту семинарына қатысты

07/04/2017

Шығыс-Қазақстан облысының прокуратурасы «Заңдылық»  ақпараттық-аналитикалық жүйесі бойынша аумақтық семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға аудандық, қалалық, облыстық соттардың судьялары мен Бас прокуратураның және Павлодар, Шығыс-Қазақстан облысының прокуратураларының өкілдері қатысты. Өскемен қаласының №2 сотының судьялары К.Қасымов, С.Сарсенбаев, К.Салбанова аталмыш іс-шараға қатысты.

Аягөз аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

07/04/2017

Аягөз аудандық сотының төрағасы Р.А.Турабаев, кеңсе меңгерушісі А.Т.Жунусова және кәсіби медитор К.Х. Амрееваның қатысуымен халыққа медиацияны қолдану сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған іс-шара аясында туындаған дау-дамайды шешу сұрағымен ауданымыздың  тұрғындары жүгініп, өздерінің сұрақтарына жауап алды және оларға екі жақты да қанағаттандыратын өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін медиаторға жүгіну мүмкіншіліктері түсіндірілді.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында «Жаңа технологиялар» тақырыбында дәріс өткізілді

07/04/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Сүйеукенов Самар ауылдық әкімшілігінің мамандарының қатысуымен сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялар бойынша дәріс өткізді.

«Сот актілерін орындамау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2017

ШҚО Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында  «Сот актілерін орындамау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөнгелек үстелге судьялар, сот мамандары, жергілікті полиция қызметінің басшысы, аумақтық бөлімнің сот орындаушылары мен жеке сот орындаушылары қатысты.

Әскери қызметкерлер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу

07/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынының судьясы Р.Рахимова әскери қызметкерлерлердің арасында құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында 5511 әскери бөлімінің акт залында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 652-бабының 6-бөлігімен  (Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу) әскери қызметкер А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша  сот отырысын өткізді. 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот процестерінің дыбыс-бейне жазба жүйесі» тақырыбында семинар өтті

07/04/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  «Сот процестерінің дыбыс-бейне жазба жүйесі» тақырыбында семинар өтті. Іс шараға соттың судьялары мен мамандары қатысты.

2017 жылдың І тоқсанында сотпен атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

07/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шарада сот төрағасы Р.Омаров қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, соттың БАҚ құралдарымен жасалған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Баспасөз мәслихатына жергілікті «Рауан – Заря» газеттерінің тілшісі А.Мұхаметжанов қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

07/04/2017

Глубокое аудандық сотының  судьясы Б.Г.Әміров  ШҚО ТЖД Глубокое ауданының ТЖБ өкілдерінің  қатысуымен  «Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалыптастырады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты қандай да болсын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, оларды жою.

№ 1 Ювеналды сотта студенттерімен кездесу өтті

07/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасының м.а. С.М.Тұтқанбаева мен кеңсе меңгерушісі Ш.Т.Нысаинов Өскемен қаласының Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Бұл кездесудің мақсаты студенттермен байланыс орнату, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне деген қызығушылығы, құқықтану саласында жас мамандарды дайындау болып табылады.

Бесқарағай аудандық сотының 2017 жылдың бірінші тоқсандағы жұмыстары қорытындыланды

07/04/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен 2017 жылдың бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау мақсатында сот төрағасы Арипхан Аринович Абдрахмановтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасымен ұйымдастырылған осы іс-шараға кеңсе меңгерушісі М.Алимханова және соттың кеңсе мамандары қатысты.

БАҚ және қоғаммен өзара іс – қимыл

07/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында бұқаралық ақпараттық құралдары жұмысына жауапты мамандарға, БАҚ және көпшілікпен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған семинар сабағы өткізілді.

Осы іс шараның ұйымдастыру мақсаты мамандарды іскерлік ақпаратты өңдеп, жинап және таратудың  негізгі әдістерімен таныстыру.

Рақымшылық Заңы қолданылды

07/04/2017

Курчатов қалалық сотында ШҚО бойынша ҚАЖ-нің Курчатов қалалық пробация қызметінің, орта дәрежелі қылмыс жасағаны үшін сотталған А.М. Нұрхановқа қатысты рақымшылық жасау актісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату туралы ұсынысы қаралды.

Сот отырысында Пробация қызметінің инспекторы өзінің ұсынысын қолдады.

Сотталған А.М. Нұрханов өзін қылмыстық жауаптылықтан рақымшылық актісі негізінде босатуына қарсы емес екендігін жеткізді.

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсанындағы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

07/04/2017

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың  1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев, судьялар Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нұртазинова, Ш.О.Оспанова және сот қызметкерлері, аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында соттың төрағасы аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Сот органдарындағы процессуалдық емес байланысты орнықтырмау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастырудың тиімді тетігі

07/04/2017

Тарбағатай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Қасенғалиева «Сот органдарындағы процессуалдық емес байланысты орнықтырмау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастырудың тиімді тетігі» атты тақырыбында кеңсе мамандары арасында семинарлық сабақ өткізді.

Катонқарағай аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті

07/04/2017

Іс шара сот қызметкерлерінің,  бұқаралық ақпарат құралдары өкілі Т.Самойлованың, мемлекеттік органдары және қоғамның қатысуымен өткізілді.

Баспасөз - конференциясы сот төрелігінің беделін арттыруға, бұқараға әділ соттың қолжетімділігін, қамтамасыз етуге және халыққа заң нормаларын түсіндіру мақсатында өткізілді.

Көші-қоны заңын бұзғаны үшін Өзбекстан азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

07/04/2017

Зайсан аудандық сотымен көші-қоны заңын бұзған К.-деген Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Өзбекстан Республикасының К. есімді азаматы Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатпен келіп, 2017 жылдың наурыз айында Алматы облысы Қарасай   АІІБ-на уақытша тіркелген, алайда сәуір айының басында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласына келіп, тіркеуден өтпей жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.