Архив событий

04/04/2017

№ 1 Ювеналды сотта «дөңгелек үстел» өткізілді

04/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Ж. Боранбаева «Дауларды реттеудің тиімді әдісі  - медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына  кәсіби медиаторлар А.А Каленова, М.Т.Алиева,  Е.Ж Абиканов және Глубокий,Ұлан аудандық қамқоршы және қорғаншы органдарының әдіскері Б.Мұхамадиева, Г. Мұхамадиева қатысты.

Глубокое аудандық сотында мектеп түлектеріне арналған Ашық есік күні өтті

04/04/2017

Глубокое аудандық соты ғимаратында Глубокое кентінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп түлектеріне арналған Ашық есік күні өткізілді.

9-11 сыныптардың оқушылары аудандық соттың судьяларымен кездесіп, сот жүйесі жайлы және сот кеңсесінің жұмысы жөнінде ақпаратты тындап, барлық туындаған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа пилоттық жоба талқыланды

04/04/2017

Жарма аудандық сотының судьясы Д.Т.Төлегеновпен медиация кабинетінде ауданның кәсіби емес медиаторларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында судья Д.Т. Төлегенов пилоттық жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын атап кетті.

Қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгерлік жолмен шешілді

04/04/2017

Бесқарағай аудандық сотымен «Қазақтелеком» АҚ-ның Б.Байбусыновқа қатысты қарызды өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, жауапкер  22 608 теңге қарызын өтеген жағдайда өз арыз талаптарынан бас тартады.                                                                           

Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөнінде «дөңгелек үстел» өтті

04/04/2017

Күршім аудандық сотында «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» судьялар, Күршім ауданының Әділет басқармасының басшысы Ж.Сейтканов, Күршім ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы А.Кудакенова, Күршім ауданының мемлекеттік  кірістер басқармасының заңгері С.Карыпов, жекеше нотариус Колмыкпаев А., Күршім АІІБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Д.Алимханов   қатысты.   

Үкімді орындау жөнінде семинар өткізілді

04/04/2017

Курчатов қалалық сотында «Пробация қызметімен үкімдерінің орындалу сапасы»  тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға Курчатов қалалық сотының судьялары мен мамандары, пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты – пробация қызметіне жолданған сот үкімдердің орындалуының маңыздылығын талқылау болып табылады. 

«Сот кабинеті» сервисі тақырыбында семинар сабағы өткізілді

04/04/2017

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыров  Күршім аудандық өндірістік телекоммуникациялар торабының мамандарының қатысуымен «Сот кабинеті» сервисінің жаңашылдықтары тақырыбында семинар сабағын өткізді.

«Сот кабинеті» сервисі сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, электрондық байланыс арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Бір күнде тоғыз азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

04/04/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Шығыс Қазақстан обыстық телекоммуникация дирекциясы Тарбағатай ауданының сату учаскесі бойынша жауапкерлерден телефон байланысы үшін берешек соманы өндіру туралы талап арызы бойынша тоғыз азаматтық ісі қаралды.

Сот мәжілісінде жауапкерлер талапкер өкілімен медиация тәртібімен келісімге келгендерін көрсетіп, тараптар арасында жасалған медиативтік келісімді бекітіп, істі тоқтатуды сұрады.

Іс жүргізу тілі бұзылғаны үшін сотпен жеке қаулы шығарылды

04/04/2017

Зайсан аудандық сотымен Д.А.Сейткамзаны ӘҚБтК-нің 463-бабының, 1-бөлігімен, яғни заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу оқиғасы бойынша іс қаралды.

Істі қарау барысында, сотпен істі қозғаған уәкілетті қызметкермен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру барысында ӘҚБтК-нің 738-бабының талаптары өрескел бұзылғаны анықталды. Заң талаптарына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу мемлекеттік тілде, ал қажет болған кезде іс жүргізу орыс тілі немесе басқа тілде жүргізілуі тиіс.