Архив событий

20/04/2017

Облыс орталығының тұрғыны заңсыз құмар ойындарының бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

20/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында С.-ға қатысты ҚК 307-бабы, 1-бөлігі (ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Семинар өткізілді

20/04/2017

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 19 сәуірде 02.06.2016 жылы № 13762 санды  Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің бұйрығымен бірлесе бекітілген, 03.05.2016 жылғы № 6001-16-7-6/183 санды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету атты семинар сабағы өткізілді.

Семинар жұмысына Катонқарағай аудандық сотының аға сот приставы К.Самарханов пен ҚР ІІМ-нің Катонқарағай аудандық МКҚБ өкілдері қатысты.

Үй салуға арнайы рұқсат алмаған

20/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463- бабының 1-бөлігімен (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді /операцияларды/ жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) азаматша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі» тақырыбында семинар сабағы өтті

20/04/2017

Күршім аудандық   сотында  сот отырысының  басталу  және аяқталу уақытын сақтау, аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі, тараптарды тиісті түрде сот отырысына шақыру мәселелері талқыланды.

Шараға кеңсе меңгеруші  А.М.Мұхаметқалиева   мен сот қызметкерлері қатысты.

Заңды білмеушілік

20/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 482- бабының 1- бөлігімен азамат  К.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы қаруды Ішкі істер органына тіркемей, заңсыз сақтаған.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, көрсетілген құқықбұзушылықты жасағаны үшін, оған  20  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 45 380 теңге  әкімшілік айыппұл салынып,  азаматтық қару мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін жазаға тартылды

20/04/2017

Қоғамда болып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың көп жағдайда алкогольдік масаң күйде болған тұлғалармен жасалатындығы белгілі. Осы орайда, қылмыстардың алдын алу үшін, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзып жүрген ұсақ бұзақыларды жауапкершілікке тарту жұмыстары қарқынды болуы қажет. 

Мұрагерлікті қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

20/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотына азамат С. әжесінің қайтыс болғаннан кейін анықталған мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талабымен арызданған.

Сот, азамат С. басқа мемлекетте тұрғандықтан әжесінің қайтыс болуы туралы хабарды естімеген, сол себептен мұрагерлікті қабылдау мерзімін өткізіп алғанын анықтаған.

Сот мерзімді өткізіп алуды дәлелді деп танып, мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Европалық одақтың бірлескен жобасы бойынша тренинг өтті

20/04/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов менторлық бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Европалық одақтың бірлескен жобасы бойынша Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру аясында жаңадан тағайындалған судья А. Амреевамен тренинг өткізді

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің дағдылары мен білімдерін қазіргі заманғы менторлық және тәжірибелік нұсқау беру болып табылады.

Медиация тараптарды татуластырды

20/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 2,3 тармағы бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, бiрнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта О., «А» ЖШС аймағында Тойота Ленд Крузер автокөлігін көріп, есікті тартып оның ішіне кіргеннен соң электр сорғыны, сымдарды, медициналық қорапшаны, дабылдың пультін ұрланғаны анықталды. Жәбірленушіге жалпы соммасына  60 500 теңге материалдық шығын келтірді.

«Жеке айыптау істері бойынша татуласу рәсімдері» тақырыбында семинар өтті

20/04/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Жеке айыптау істері бойынша татуласу рәсімдері» тақырыбына семинар өтті.

Семинарға соттың судьялары мен Катонқарағай АІІБ тергеушілері, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

«Ашық есік күні»

20/04/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Р.Н.Тоқтаров Мақаншы ауылдық округінде орналасқан Медиация кабинетінде «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс шараның мақсаты ауыл тұрғындарына заң талаптарын, халыққа медиацияны қолдану сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету және ауыл тұрғындарына екі жақты да қанағаттандыратын өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін медиаторға жүгіну мүмкіншіліктері түсіндірілді.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

Қаруды сақтағаны үшін айыппұл салынды

20/04/2017

Үржар ауданының № 2  аудандық сотымен  ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының, 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) З-ға  қатысты  әкімшілік іс қарады.

З.  тұрғылықты мекенжайында ішкі істер органдарының рұқсатынсыз «ИЖ-К» маркалы  20- калибрлі  аңшылық қаруды сақтаған.

Жүргізу куәлігінен айырылды

20/04/2017

Үржар ауданының № 2  аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының, 1-бөлігімен (ішкі істер органының қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау)  азамат   И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат  И. Үржар ауылында көлігін басқара отырып,  ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

20/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  бойынша Ресей Федерациясының азаматшасы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.