Архив событий

25/04/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Ақжар ауылдық округінде медиаторлармен кездесу өткізді

25/04/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов, кәсіби медиатор Т.Ә.Омар, кәсіби емес медиаторлар Т.А.Халықов, Т.Дуйсенов, А.К.Ахметжановаларға Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру мақсатында «Медиация-дауды шешудің тиімді жолы» тақырыбында баяндама жасады.

Өз баяндамасында аудандық соттың төрағасы пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатындығын атап көрсетті.

Ветеринарлық қызмет бойынша жеке ұйғарым шығарылды

25/04/2017

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтарда бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта екі аспалы сырға, сырға, радио жиілікті белгісі бар сырға, болюстер, чиптер, таңбалау тәсілдері белгіленген.          

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

25/04/2017

Зайсан аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Зайсан аудандық сотының судьясы Г.Нұртазинованың төрағаның атына жазған баянатының негізінде А-ның үстінен ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс құжаттары жиналды,  онда А. соттың хабарламасын, шақырту қағазын ала тұра, судьяға анық  құрметтемеушілік білдіріп, сот отырысының  болуына кедергі жасағаны үшін бір тәулікке әкімшілік қамаққа алдынды.  

Экстремистік кітапты сақтағаны үшін жазаға тартылды

25/04/2017

ШҚО Аягөз аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 4-бөлігімен (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша Е.-ге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында, азамат Е. өзінің кінәсін толықтай мойындап, авторы Ю. Кандехлави «Избранные хадисы» кітабын сот шешімімен экстремистік деп танылғанын білмегенін көрсетті.

Пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында азаматтарға қабылдау өткізілді

25/04/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында  азаматтарға қабылдау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен 2017 жылдың 26 қантар айында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның ережесі бекітілді.

Аудан орталығында ведомствааралық жедел кеңес өткізілді

25/04/2017

Көкпекті ауылының  Әкімдігінде  аудандық прокуратураның бастамасымен Көкпекті ауданы бойынша әкімшілік айыппұлды өндіру мәселесі бойынша жедел кеңес өтті.

Кеңеске Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Нұралинов Н.О., аудан прокурорының м.а. Қарымсақов Б.Б., Көкпекті аудандық сотының судьясы Жаныбекова Н.Б., Көкпекті аудан Әкімінің орынбасары Акимова А.Ж., аудандық ішкі істер бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, төтенше жағдайлар бөлімінің және басқа да мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Ұлан аудандық сотында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңындағы өзгерістер аясында семинар сабағы өтті

25/04/2017

Ұлан аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын тақырыбында семинар сабағы өтті. Аталған сабаққа кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинарды соттың жетекші маманы Ш.Жомартова жүргізіп, заңның негізгі баптарына және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында оқушылар арасында көрсетілім түріндегі сот отырысы өткізілді

25/04/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында кәмелетке жасы толмаған, орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына қылмыстық жазалану әрекеті мен әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған шара барысында оқушылар сот жұмысының барысымен таныстырылды. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, яғни, кәмелетке жасы толмаған азаматтың түнгі уақытта өзінің заңды өкілінсіз (ата-анасынсыз) қоғамдық ортаға баруы туралы әкімшілік іс көрсетілім түріндегі сот отырысында қаралды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы жиын өтті

25/04/2017

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында жиын өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев ашты.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас мамандары О.Мұсағали, Р.Сләмхан Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты   Қазақстан Халқына Жолдауынан туындайтын сыбайлас жемқорлық профилактикасының міндеттерін түсіндірді.

«Сот отырысының хаттамасы»

25/04/2017

Бесқарағай аудандық сотында маңызды процессуалды құжат болып табылатын – сот отырысының хаттамасын әзірлеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында баяндама жасаған аудандық сот мәжілісінің бас маманы - Ж.Ермекова сот отырысының хатшыларына дұрыс әзірленуі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

Баяндамашы сот отырысының хаттамасының мазмұны, тәртібі және мерзімдері Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодекстің 26 тарауында нақты көрсетілгендігі туралы түсіндіріп берді.

Қазақстан Республикасының аумағынан шеттетілді

25/04/2017

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының, 5-тармағында (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат И-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталағандай, Ресей азаматы И. Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен келіп, Бесқарағай ауылының аумағында ақылы қызмет атқарып, көші-қон заңнамасын бұзған.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында семинар өтті

25/04/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Азаматтық істердің кейбір санаттарын қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбына семинар өтті. Семинарға соттың судьялары қатысты.

Семинарда азаматтық істердің кейбір санаттарын қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, жер және еңбек құқық қатынастарынан туындайтын дауларды қарау, сот қаулыларын қабылдау  бойынша сұрақтар нақты азаматтық істерді мысалға келтіріле отырып талқыланды.

«Әкімшілік айыппұлдарды өндіру және оларды орындауға жіберу. Мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың уәкілетті органдармен бірігіп жұмыс атқаруы» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

25/04/2017

Көкпекті ауданының Әкімдігінде «Әкімшілік айыппұлдарды өндіру және оларды орындауға жіберу. Мемлекеттік және жеке сот орындаушылардын уәкілетті органдармен бірігіп жұмыс атқаруы»  тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.

Зайсан аудандық сотының төрағасы азаматтарға жеке қабылдау өткізді

25/04/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев соттың ашықтығын, жариялығын және қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінде болып, халықпен кездесу өткізді, кездесу соңында округ азаматтарына жеке қабылдау жүргізді. Жеке қабылдауға Қарабұлақ ауылының төрт азаматы жазылды.

Жеке  қабылдауда болған бірінші азаматша жылжымайтын мүлікті жариялау науқаны кезінде өзі тұрып жатқан үйді жер телімімен бірге заңдастырып алғанын, қазіргі күні көршісімен арада жер дауы туындағанын айтып, дауды шешудің жолын сұраған.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - басты міндеттердің бірі» тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді

25/04/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - басты міндеттердің бірі» атты тақырыпта «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік» күні сот ғимаратына келушілерге сыбайлас жемқорлықты азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және Заңға сәйкес өзге де шаралар түсіндірілді. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке пара алушыға ғана емес, пара берушіге де жазаға тартылатындығы түсіндірілді.

Ресей азаматы көші-қоны саласындағы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

25/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының, 2-бөлігіне сәйкес (тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмау) Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Қоғамдық орынға алкогольдік масаң күйде келгені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

25/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен  Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ж. 35-кварталда   алкогольдік ішімдік ішкен, ұсқынсыз киінген және адамның қадір-қасиетіне, әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей масаң күйінде жүріп, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының, 4-бөлігін бұзған.

Сот актілерін орындау бойынша семинар өтті

25/04/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты «Сот актілерін орындау» тақырыбында  «Сот актілерін орындау Ұлан аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы В.Казак, судья А.Байжуменова және сот қызметкерлерінің қатысуларымен семинар сабақ өткізді. 

Кездесу барысында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша   сот актілерін аумақтық бөлімімен орындалғаны және сот актілерін орындалуы жұмыстарын күшейту туралы баяндама жасалды.