Архив событий

11/04/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына семинар өтті

11/04/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына семинар өтті.

Іс шараға  сот қызметкерлері, Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы З.Смагулова және  «Арай-Луч» газетінің өкілдері қатысты.

Аудандық соттың 2017 жылдың 1-тоқсанындағы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

11/04/2017

Үржар аудандық сотында 2017 жылдың 1-тоқсанындағы сот жұмыстарын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында жасалған жұмысты қорытындылай келе, 2017 жылдың 1-тоқсанында сотпен 19 тұлғаға қатысты 15 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 11  тұлғаға қатысты 11 іс қаралғанын, 184  азаматтық іс аяқталып, 117  шешім шығарумен қаралғанын, 148 тұлғаға қатысты 148  әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Сот медиациясы туралы пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

11/04/2017

Ұлан аудандық сотының ұйымдастыруымен Ұлан сотында «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық  прокуратура  қызметкерлері, ауыл әкімдері, жеке сот орындаушылар, нотариустар, кәсіби емес медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

11/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Сот ғимаратында өту режимін және қоғамдық тәртіпті сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық сотының төрағасы Р.Омаров және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы семинарға қатысушылардың назарын сот ғимаратындағы рұқсатнама ережесі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы жөніндегі арнайы қағиданың талаптарына аудартты.

Бородулиха аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерін құттықтады

11/04/2017

Бородулиха аудандық сотында сот жүйесінің ардагері – Чеботко Галина Николаевнаның туған күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Чеботко Галина Николаевна 1956 жылы 10 сәуір күні  дүниеге келген.  Галина Николаевнаның  мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 40 жылдан асады, оның ішінде 1991 жылдаң бастап 2015 жылға дейінгі аралықта осы соттың сот отырысының хатшысы болып қызмет атқарған.

Семейдің Ювеналды сотының төрағасы Сәбилер үйінде «Тұсау кесу» рәсімін өткізді

11/04/2017

Семейдің Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар жыл сайын ата - анасынан қамқорсыз қалған  сәбиге  қазақ елінің  салт - дәстүрі бойынша  «Тұсау кесу» рәсімін  Семей қаласының сәбилер үйінде өткізуді  жақсы дәстүрге айналдырды.

2013 жылдан бастап Семейдің Ювеналды соты «Қайырымдылық жаса немесе 100 қайырымды іс»  атты акциясын өткізуде, осы акция аясында аталған іс-шара өткізілді.

ШҚО Үржар аудандық сотының төрағасы Елтай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

11/04/2017

Үржар аудандық сотының  төрағасы  Д.С. Серикбай  Үржар ауданының  Елтай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аталған шарада ауылдық округтердің мамандары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

Шараны өткізу барысында Д.Серикбай  «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» Жоғарғы Соттың Төрағасымен бекітілгені туралы түсіндірді.

Қазақстан Республикасының аумағынан шеттетілді

11/04/2017

Риддер каласының мамандандырылған әкімшілік сотында көші-қон саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың  қыркүйегінде  ӘҚБтК-тің 517 бабының, 5-бөлігіне сәйкес көші-қон саласындағы құқық бұзушылықты жасағаны үшiн жазаға тартылған  Украинаның азаматы  О., 2017 жылдың 24 наурызы күні,  уәкiлеттi органның рұқсатынсыз  «Огонек»  шағын базарында аяқ киім сатушы ретінде  заңсыз жұмыс атқарып жатқан кезінде қайтадан ұсталды.

Глубокое аудандық сотында баспасөз конференция өткізілді

11/04/2017

Глубокое аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған, соттың 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізілді.

Баспасөз конференция барысында сот төрағасы С.Жансейітұлы аталмыш кезеңде аудандық соттың жұмысы сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға, қағазбастылыққа жол бермеуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, сонымен қатар, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларды орындауға бағытталғанын атап өтті.

Глубокое аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

11/04/2017

Глубокое аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының кейбір нормаларын қолдану, жалпы сот актілерінің орындалу барысы мәселелерін талқыға салды.

Шараға аудандық сот судьялары, аумақтық бөлімнің сот орындаушылары және жеке сот орындаушылар қатысты.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азамат ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шеттетілді

11/04/2017

Үржар ауданының № 2  аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен Қытай Халық Республикасының  азаматы  В.Б.-ның  халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы туралы әкімшілік ісі қаралған.  

Сот  мәжіліс барысында, ҚХР азаматы В.Б. ҚР аумағында шетел азаматтарының болу ережесін бұзып, әкімшілік құқық бұзушылықты  жасаған, яғни шекара шегінен өтуге мерзімі өткеннен кейін 15 тәулік бойы ешқандай тіркеусіз ҚР-да жүрген.

Сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары мен оларды шешудің жолдары

11/04/2017

Бородулиха аудандық сотында сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары мен оларды шешудің жолдары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жүргізілуі барысында сот төрағасы С.Д.Байбосынова, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Касенова, ШҚО Әділет Департаменты атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Н.К.Құрманғалиев, мемлекеттік сот орындаушысы А.А.Шалгумбаев қатысты.

Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

11/04/2017

Зайсан аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабының, 2-бөлігімен азамат Д-ны, айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Азамат  Д, түнгі уақытта алкоголдік масаң күйінде бұрын азаматтық некеде болған Н-ның тұрғынжайына оның еркінен тыс заңсыз басып кірген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сай тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.