Архив событий

17/04/2017

Сенбілік ұйымдастыру – көшенің көркін ажарландырады

17/04/2017

Тарбағатай аудандық сотында жылдағыдай сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке шыққандар  сот ғимаратының маңайын тазалап, өз аумақтарындағы көгалдар мен гүл егілетін орындарды ескі шөптер мен басқа да қалдықтардан тазартты.

«Жасыл Ел» бағдарламасын жүзеге асырудың алғы шарты сенбілік ұйымдастыру десек те болады. Сол арқылы әрбір ұжым мүшелері өз қаласы мен ауылының  тазалығына, көшесінің көркеюіне үлес қосады.

Дәстүрлі шара жалғасын таппақ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық соты сенбілік өткізді

17/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы мен сот қызметкерлері сенбілік өткізді.

Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Судьялар және сот қызметкерлері қардан кейінгі қалдықтарды тазалап, сот ғимаратының аумағын ретке келтірді, жол жиектері мен ағаштарды ағартып, бау бақшаларды, гүлзарлар және ағаш маңдарын тазалады.

Сот ғимаратының тазалығы мен тәртібін сақтау мақсатында осындай іс-шараларды жиі өткізу жоспарлануда. 

 

2017 жылдың 1 тоқсанындағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді

17/04/2017

Шемонаиха аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсан бойынша сот жұмысының нәтижелері қорытындыланды. Шемонаиха аудандық сотының төрағасы Е.К.Шыныбаевтың, «Шемонаиха Тынысы» газетінің тілшісі Г.К.Есенбекованың  қатысуымен  баспасөз-конференциясы өтті.

Аталған шарада мемлекеттік органдардың өкілдері, судьялар және сот қызметкерлері де қатысты.

Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған

17/04/2017

Балаларды тәрбиелеу - бұл әрбір ата-ананың міндеті, болашағына жауаптылығы. Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Бала адамдармен кең пейілді қарым-қатынаста болу үшін, алдымен ата-ананың өздері дұрыс жолда болуы тиіс. Бірақ көбінесе ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамайды.

Мысалға, Глубокое аудандық сотымен ӘҚБК-нің 127-бабының 1-бөлігімен (бала тәрбиесі бойынша міндеттерін ата-аналарының орындамауы) С-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды.    

Сенбілік іс-шарасы өткізілді

17/04/2017

Катонқарағай аудандық сотының аумағын тазалау бойынша сенбілік іс-шарасы өткізілді.

Сот ғимаратының және оған қатысты аумақтың санитарлық күйін дұрыстау және жазғы мезгілге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында, қажетті құралдармен қамтылған сот қызметкерлері белсенді түрде аумақты, жапырақтар мен ғимарат айналасындағы күл-қоқысты жинап, белсенді жұмыстар жүргізді.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі

«Жекеше айыптау істері» тақырыбында семинар сабағы өтті

17/04/2017

Ағымдағы жылдың 13-ші сәуірінде Глубокое аудандық соты ғимаратында  Глубокое аудандық прокурор көмекшісі, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасарымен тергеушілердің, тінтушілердің және учаскелік инспекторлардың қатысуымен «Жекеше айыптау істері»  тақырыбында семинар сабағы  өтті.

Медиация қолданылды

17/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотта істі қарау барысында, А.-ның, әйелімен туындаған жанжал кезінде әйелінің денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтіргендігі анықталды.

Сот отырысының барысында жәбірленуші мен сотталушы арасында  Шығыс-Қазақстан медиация және құқық орталығының «Альтернатива» ҚБ медиаторы Т.Танекеновамен медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сенбілік өткізілді

17/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.

Сенбілікте сот қызметкерлері  қатысып, ғимарат ішіндегі қызметтік бөлмелерге, залдарға, сот ғимаратының айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ауладағы талдар әктеліп, түптері қопсытылды.                

Осындай сенбіліктер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

Семей қаласының мамандандырылған

Сот ұжымы сенбілікке шықты

17/04/2017

Бесқарағай аудандық сотымен сот ғимараты мен оның аумағын тазалау бойынша сенбілік іс-шарасы өткізілді.                                                                          

Сот ғимаратының және оған қатысты аумақтың санитарлық жұмыстарын жүргізу мақсатында, қажетті құралдармен қамтылған сот қызметкерлері белсенді түрде аумақты, жапырақтар мен кепкен бұталардан тазартып, ғимарат айналасындағы күл-қоқысты жинап, белсенді жұмыстар жүргізді.

 

Көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды

17/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) бойынша С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат А.Т.Касеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша өндіріс қысқартылды

17/04/2017

Азаматша «А» заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы өтінішпен сотқа жүгініп, өзінің талаптарын келесідей баяндаған.  Ол 1990 жылы 18 мамырда азамат «С»-мен некеге тұрған. Ал 2012 жылы күйеуі оған айтпай сотқа некені бұзу туралы талап арыз беріп, талап арызда нақты түрде 2000 жылдан бері неке қатынастары тоқтатылғанын көрсеткен. Некенің бұзылғаны туралы білместен күйеуімен бірге тұра берген ол, күйеуі қайтыс болған соң қалған мұраның бір бөлігін бөлісу мақсатында, ол осы фактіні анықтап беруді сұраған.

Глубокое аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі, түйінді мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

17/04/2017

Глубокое аудандық сотының тергеу судьясы Б.Әміров «Тергеу судьясының өкілеттігі, түйінді мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Глубокое ІІБД-нің тергеу бөлімінің басшысы Р.Галушин,  алдын ала тергеу бөлімінің басшысы А.Умутов, Шығыс Қазақстан қорғаушылар алқасының қорғаушысы Н.Кузьмин, прокурор көмекшісі С.Айсбеков қатысты.

Банктің талабы толығымен қанағаттандырылды

17/04/2017

Банк жауапкерге қарызды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өзінің талаптарын келесідей баяндаған. Глубокое аудандық сотының 2016 жылғы 19 қазандағы үкімімен жауапкер Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылған. Осы қылмыстық іс шегінде азаматтық талап қаралмаған, себебі жауапкер залалды өз еркімен ақша қаражатын төлеп өтейтіні туралы жазбаша қолхат жазып берген. Алайда жауапкер өзінің міндеттерін орындамай, ақша қаражаттарын бүгінгі күнге төлемеген.