Архив событий

06/04/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында студенттерге экскурсия өткізілді

06/04/2017

Қазақстан Республикасы Судьяларының VII съезінің қорытындысын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  2017 жылдың 4 ақпанында  оқу-орындарында құқықтық мәдениет айлығын өткізу жөніндегі  Жоспарды бекітті. 

Аталған  Жоспарды орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Унивирситетінің студенттеріне экскурсия өткізілді.

Шараға заң факультетінің магистрлері мен студенттері шақырылды.

Бородулиха аудандық соты 2017 жылдың 3 айында рақымшылық жасау туралы актіні қолдану туралы 29 материалдарды қарады

06/04/2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңға қол қойды.

Рақымшылық заңы бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты мемлекеттің оларға деген сенімін, мейрімді ерікті көрсететін ізгілік актісі. Заң әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер,  егде жастағылар, мүгедектер, сонымен бірге кішігірім және онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандарды жазадан босатылуын көздейді.

Заңсыз қару сақтағаны үшін айыппұл тағайындалды

06/04/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) туралы әкімшілік іс қаралды.

Ақжар полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында, М-ның үйінде ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы «ЗК» маркалы, 16 калибрлі  аңшылық мылтығын саңсыз сақтағаны анықталған.

Қолжетімділікті қамтамасыз ету

06/04/2017

Сот ісін жүргізуді жетілдіру инновациялық технологияларды кең қолданумен байланысты. Алдыңғы қатардағы сот практикасы – ол қағаз құжат айналымынан бас тартып, заманауи сот процесінің негізі ретінде тиісті электронды технологияларды қолдану.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының әрбір сотында жеке ресми сайты жұмыс істейді. Сайтта байланыс контактілері, электрондық пошталар мен телефондар, заңшығарушы негіз, мемлекеттік бажды төлеу бойынша түбіртекті толтыруға қажетті деректемелер және басқа да мәліметтер бар.

Тараптар пилоттық жоба аясында татуласты

06/04/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық іске қатысушылардың бірі ювеналды соттар болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жоба аясында қаралды.

Азамат М.Искаков сотқа жауапкерге үш баланың тұрғылықты жерін анықтап беру туралы талап арызбен жүгінді.

ШҚО экономикалық сотында пилоттық жоба бойынша медиация келісімін бекітті

06/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау фонды» акционерлік қоғамы мен «Айтас» шаруа қожалығы арасында дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітті.

Талап арыз қарызды өндіру және кепілдік мүлікті өндіріп алу жөнінде берілген.

Зайсан аудандық сотында пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

06/04/2017

Зайсан аудандық сотында Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру және талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Зайсан қаласында жұмыс істейтін кәсіпқой емес медиаторлар, адвокаттар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.  

2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

06/04/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д. Байбосынова «Аудан тынысы» газеті тілшілерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Сот төрағасы сот жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі  сот жүйесі беделінің ашықтығы мен сот қызметінің жариялылығы болып табылатындығын атап өтті. Сотпен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференциялары мен ашық есік күндері өткізіліп,  судьялар мен сот мамандарының мақалалары БАҚ-та жарияланады.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу

06/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А. Абдуллиновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Ақжар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

06/04/2017

Үржар аудандық сотының  төрағасы Д.С. Серикбай  Үржар ауданының  Ақжар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде сот төрағасы «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» әзірленгенін атап өтті.

Катонқарағай аудандық сотында сот шешімдерін орындау және айыппұл түрінде жаза қолдану мәселелерін талдау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

06/04/2017

Катонқарағай аудандық сотында мемлекеттік органдардың, прокуратура және Әділет басқармасының өкілдерінің қатысуымен сот шешімдерін орындау және айыппұл түрінде жаза қолдану мәселелерін талдау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

06/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Ж. Боранбаева «Медиация заңы бойынша түсіндірме жұмыстырын жүргізу және оны қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелге» кәсіби медиатор М.И. Дячук, прокурордың көмекшісі С.В.Айтказина, Шығыс Қазақстан облыстық «Нұр Отан» филиалының партиялық бақылау инспекторы Ж.Т.Канафин, «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының өкілі А.Б.Тайтикова қатысты.  

Халықаралық актіні түсіндіру туралы брифинг өткізілді

06/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева   «Менің өлкем» облыстық газетінің тілшісі А. Орибаеваның қатысуымен әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық формасын жою туралы Конвенциясының насихаттау жөнінде брифинг өткізді.

Он сегіз жасқа толмаған адамға темекіні сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/04/2017

Зырян аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, Зырян қаласының «Салют» дүкенінің сатушысы О.Шарифулина 18 жасқа толмаған тұлғаға темекіні сатқан.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының, 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Жеке айыптау бойынша қылмыстық істерге медиация қолданылды

06/04/2017

Жарма ауданының №2 аудандық  сотымен жеке айыптаушылардың арыздары бойынша ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс қаралды.                                        

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушылар және сотталушылар  сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсірді.  

Отбасы –тұрмыстық қатынастар аясындағы екі әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

06/04/2017

Тарбағатай ауданының №2  аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы екі әкімшілік істі қаралды.

Сот отырысында құқықбұзушылар өздерінің заңды некедегі әйелдерінің ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, отбасы тыныштықтарын бұзғандары анықталды.

Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп, екі жақтың татуласуына байланысты, соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

«Мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелеріне арналған «Мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында сот төрағасы Р.Омаров қазақ тілін көздің қарашығындай қорғау, оны дамыту және абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы дей келе, бұл бірінші ретте заңдылықты сақтап оны қорғауға арналған мемлекеттік ұйымдардың міндеті екенін баса айтты.    

2017 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша брифинг өтті

06/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: «Мой город» газетінің тілшісі Р.А.Кудинов, «Менің өлкем» газетінің тілшісі А.Б.Орибаевтің қатысуларымен 2017 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы жаза тағайындалды

06/04/2017

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461- бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) азамат М.Дюсуповқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай аудандық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбына қатысты дөңгелек үстел өткізілді

06/04/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбына қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс- шараға судья Н.С.Нұрсапинов,  жергілікті полиция қызметкерлерінің басшысы Қ.Абенов, кәмелетке толмағандар бойынша бөлімінің басшысы Д. Тлеуханова  қатысты.