Архив событий

14/04/2017

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

14/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Б.Зәбенов, БАҚ өкілдерінің қатысуымен қылмсытық іс бойынша брифинг өткізді.

Судья Қ.Б.Зәбенов сотталушы К-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сауалдарына жауап берді. Сотталған К. алкогольдік масаң күйінде қару қолдану арқылы жәбірленуші И-ды  қазаға ұшыратқан.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсу күрес» тақырыбында семинар сабағы өтті

14/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Кайсанова сот мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талқыланды.

Дәріс өткізілді

14/04/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Сүйеукенов Самар жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрісте сот приставы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы айтты.

Медиация тақырыбында семинар сабағы өткізілді

14/04/2017

Бесқарағай аудандық сотында дауды медиация арқылы шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға сот қызметкерлері қатысты.                      

Сот рақымшылық актісін қолдану туралы пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

14/04/2017

Бесқарағай аудандық сотымен рақымшылық актісін қабылдау туралы Бесқарағай  ауданы пробация қызметінің ұсынысы бойынша бас бостандығын айыруға қатысты емес сотталғандардың қылмыс жасағаны үшін Г.және С-ға қатысты істері қаралды. 

Марихуана жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды

14/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында Т. қатысты ҚК 297 бабы 2 бөлігі (заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта Т. өз пәтерінде 3 000 теңгені құрайтын 8,56 грамм салмағы көлемінде «марихуана» есірткі затын дайындағаны анықталды. Пәтерді тінту кезінде 17 түйіншік марихуана табылып тәркіленді.

Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша медиация қолданылды

14/04/2017

Бесқарағай аудандық сотымен жеке айыптаушы  Щ-ның М-ға қатысты  ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық теріс қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.      

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы Щ-дан және сотталушы М сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.

«Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

14/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бас маман А.А.Алижанова «Әдеп кодексі» тақырыбанда кеңсе мамандары арасында семинар өткізді. А.А.Алижанова баяндама оқыды. Өз баяндамасында бас маман А.А.Алижанова Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылды.

Әкелікті анықтау туралы талап арыз медиация тәртібінде реттелді

14/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында талап қоюшы Э.-ның жауапкер Б - ға қатысты әкелікті анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен істі қарауы барысында, жауапкердің бүгінгі күнге дейін өзінің туған баласын мойындамай келгені анықталған, сол себепті талап қоюшы соттан озінің кәмелет жасына толмаған қызына қатысты әкелікті тануды сұраған.

Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша медиация

14/04/2017

Бесқарағай аудандық сотымен жеке айыптаушы С-ның К-ға ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық теріс қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.              

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы С мен сотталушы К-дан сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты істі қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.