Архив событий

12/04/2017

Семей қаласының Ювеналды сотына ҚазИГЗУ студенттері келді

12/04/2017

Жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылықты жоғарлату жоспарын орындау шеңберінде сот төрағасы Р.Ақпар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бірінші курс студенттеріне экскурсия өткізді.

Студенттер 3 сот мәжіліс залдарын, медиация, психологтың кабинеттерін, балалар бөлмесін, сонымен қатар, сот мұражайын аралап, болашақ заңгерлер әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер қарайтын судьялармен әңгімелесу жүргізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру сапасы талқыланды

12/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Р.Омаров аудандық прокурордың орынбасары Р.Садвокасовтың, қорғаушы Ж.Мухаметжановтың және құқық қорғау органының өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру сапасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел  өткізді.

Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

12/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында М-ға қатысты ҚК-тің  430-бабының, 1-бөлігіне (заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау) сәйкес қылмыстық іс қаралды

2017 жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы баспасөз конференциясы өтті

12/04/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Т.С.Адильжанов 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз конференция өткізді.

Баспасөз конференция жүргізу барысында сот төрағасы 2017 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігінің атқарылуы бойынша нәтижелері мен атқарылған іс-шаралар туралы ақпаратты баяндады. Сонымен қатар, статистикалық деректерді атап өтті.

Риддер қалалық сотында «Сотпен санкциялануға жататын тергеу әрекеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

12/04/2017

Риддер қалалық сотында «Сотпен санкциялануға жататын тергеу әрекеттері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты – Риддер қалалық ІІБ қызметкерлеріне практикалық көмек көрсету, тергеу әрекеттерін санкциялауда туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, бірлесіп шешу.

Шараға Риддер қалалық сотының тергеу судьясы Г.А.Сайдульдинова, Риддер қалалық прокуратурасының тергеу бөлімі прокуроры Д.Дюсупов, Риддер қалалық ІІБ  басшысының орынбасары А.Абзулдинов және ІІБ-нің тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.

ШҚО Ұлан аудандық сотында «Мемлекеттік тілім - ана тілім» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/04/2017

Ұлан  аудандық сотында «Мемлекеттік тіл - ана тілім» атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. «Дөңгелек үстелге» судья Х.Тлеубергенова және сот мамандары қатысты.

«Дөңгелек үстелде» Х.Тлеубергенова осы тақырып бойынша әзірлеген баяндамасында мемлекеттік тілдің рөлі мен маңызы, мемлекеттік тілді дамыту және бағдарламаны табысты жүзеге асыру; елімізде барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы орта мен жағдай жасалып, жақсы жолға қойылғандығы жөнінде атап өтті.

Сот кеңсесіндегі ширек ғасырлық еңбегі еленді

12/04/2017

Тарбағатай аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.С. Касенғалиеваның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты салтанатты жиын өтті.

Аталған шараға Тарбағатай ауданы әкімінің аппарат басшысы Е.Ескендіров, ауданның прокуроры Р.Төлегенов, жергілікті полиция басшысы Б.Қосшыбаев, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы ММ-нің басшысының бірінші орынбасары М.Кадірбаев, Тарбағатай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Р.Секенова, қоғамдық медиатор Ж.Маканова қатысты.

Зайсан аудандық сотында қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді

12/04/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев  М-ға қатысты ҚР ҚК-нің 234-бабының, 1-бөлігімен айыптау бойынша қаралған қылмыстық іс жайында БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы қаралған қылмыстық істің мән-жайын баяндады. М-ның кінәсі сот тергеуінде зерделенген айғақтардың жиынтығымен толықтай дәлелденген. Қылмыстық істің алдын ала тергеп-тексеру барысында М-ның құқықтары өрескел бұзылған деген уәждері басты сот талқылауында өз дәлелін таппаған.

Пилоттық жоба аясында екі әкімшілік іс аяқталды

12/04/2017

Тарбағатай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша Б.-ға және Ж-ға қатысты екі әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушылар ішімдік ішкен күйінде бірі өзінің анасын, ал екіншісі жұбайын балағаттаған.

Жәбірленушілер мен құқықбұзушыларға даулар мен жанжалдарды жанжалдасушы тараптардың келешек өмірлерінде бір-біріне кек сақтамай татуласу жағын ойластыру қажеттілігі, ол адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруына ықпалы туралы түсіндірілді.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында семинар өтті

12/04/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға сот  төрағасы А.Аринова,   судья А.Байжуменова, кәсіби емес медиатор К.Омаров және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы талқыланды.