Архив событий

28/04/2017

Қылмыстық процесте медиация институтын одан әрі дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

28/04/2017

Шығыс-Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық процесте медиация институтын одан әрі дамыту сұрақтары бойынша және сот тәжірибесіндегі қоғамдық жұмыстарды тағайындау мен орындау туралы дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға Шығыс-Қазақстан облыстық сотының судьялары Г.Абдрахманова, В.Бычков, Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Е.Белавина, Ішкі істер Департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің өкілдері, облыстың медаторлары қатысты.

Билік өкiлiне қарсы 3 қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

28/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 378-бабының, 1-бөлігі, 379- бабының, 1-бөлігі, 380-бабының, 1-бөлігі (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау). бойынша С.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды

Марихуана сақтағаны үшін 100 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалды

28/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 296-бабының, 2-бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша Б. –ға қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотта, полиция қызметкекерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралардың барысында азамат Б., тұтқынға алынып, оған жеке тінту жүргізу кезінде қағаздың ішінде оралған жалпы салмағы 4,62 грамм  «кептірілген марихуана» табылып,  тәркілендігі анықталды.

Айыппұл салынды

28/04/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен он сегіз жасқа толмаған тұлғаға шылым мен шылым өнімдерін сатқандығы үшін жауапкершілікке тартылған  П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот отырысында 2017 жылдың сәуірінде П., шылым өнімдерін, нақтылай келгенде кәмелетке толмаған тұлғаға   сатуға жол бергендігі анықталды.                      

Курчатов қалалық сотында семинар өтті

28/04/2017

Курчатов қалалық сотының кеңсе меңгерушісі М.Қ. Касенов соттың мамандарымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

«Медиация - жаңа пилоттық жоба»

28/04/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының сот приставы Р.Сүйеукенов «Самар» қазыналық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне «Медиация – жаңа пилоттық  жоба» тақырыбында дәріс өткізді.

Медиация - үшінші бейтарап, турашыл тараптың медиатордың көмегімен дауды соттан тыс шешу формасы.

Ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған

28/04/2017

Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Бірақ көбінесе ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамайды.

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ӘҚБК-нің 127-бабының 1-бөлігімен (бала тәрбиесі бойынша міндеттерін ата-аналарының орындамауы) С-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды.   

Сотпен, С-ның кәмелеттік жасқа толмаған  қызы Ж. себепсіз жағдайлармен 2016-2017 оқу жылдарында 14 оқу күнін  босатқаны анықталған.

«Апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу» тақырыбында семинар өтті

28/04/2017

Бородулиха аудандық  сотында  бас маман С.В.Смаглова  «Апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу» атты тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарға  Бородулиха аудандық  сотының кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары  қатысты. Шара  барысында  апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы айтылды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар өткізілді

28/04/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар   өткізілді.

Іс шараға Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары,  прокуратура өкілдері, Катонқарағай кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері және Катонқарағай ауылдық округінің өкілдері қатысты.

«Азаматтық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/04/2017

Глубокое аудандық сотының бастамасымен ветеринарлық бақылау  және қадағалау Комитетінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық  процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мәміле жарамды деп танылды

28/04/2017

Өскемен қалалық сотына азамат П.,  Л.-ға мәмілені жарамды деп тану туралы талабымен жүгінген.

Сотта,  2003 жылы талапкер жауапкерден жылжымайтын мүлікті, яғни тұрғын үйді сатып алғандығы анықталды. Бұл мәміле қолхатпен және қолдану құқығы құжаттарының берілуімен расталған. Сол мезгілден ол осы мүлікпен ашық түрде ие болған.

Сот мәмілені қолхатпен, қолданысқа берілген құжаттармен, куәләрдің айғақтарымен, салықты төлеу түбіршектерімен расталғандықтан жарамды деп таныды.

Кепілдік бойынша берешекті өндіру туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

28/04/2017

Талапкер А.банкі жауапкер Б.-ға кепілдік бойынша берешекті өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Талапкер өз талабында, банктік келісім бойынша Банк борышкер В.-ға 60 ай мерзімге 1 000 000 теңге көлемінде автокөлік сатып алуға қарыз бергендігін мәлімдеді. Борышкер В. берешекті төлемегендіктен 2015 жылы сот шешімімен одан қарыз толығымен өндірілген. Шешім заңды күшіне еніп, ал берешек төленбегендіктен Банк берешекті кепіл берушіден өндіруді сұрады.

Ерекше талаптарды бұзған

28/04/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шығынды өндіру туралы дау бейбіт жолмен реттелді

28/04/2017

Талапкер жауапкерге шығынды келтірілген залалды өндіру туралы талабымен жүгінген.

Өз талабында талапкер жауапкердің жұмыскері болған кезде, өз автокөлігімен жол-көлік апатын жасағандығын мәлімдеді. Шығын көлемі үлкен болғандықтан жауапкер ұсынысымен авто-техникалық сараптама белгіленген.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешуге келісімге келді. Келісім бойынша жауапкер талапкерге шығынды толығымен төлеп беруге міндеттенді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383-бабының, 4-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондайақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу біржыл ішінде қайталану)  азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

28/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов «Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету» тақырыбында сот судьяларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов осы іс-шараны ашып, сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету – Елбасы белгілеген басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.Осы міндетті жүзеге асыру үшін соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет етуі маңызды болып табылады.

Судьялардың сот кураторымен кездесуі

28/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының судьясы М.С.Құрманов куратор ретінде Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьяларымен кездесіп, семинар сабағын жүргізді.

Семинар барысында куратор М.С.Құрманов сот судьяларымен 2016 жылы және 2017 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асырудағы қорытындыларды талқылады.

Семейдің Ювеналды соты жеке кәсіперге кәмелетке толмағанға темекі сатқан үшін айыппұл салды

28/04/2017

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес кәмелетке толмағандарға  темекіні және темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынған.

 «Диказ» дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер «Б»  бір қорап «LM» маркалы темекі бұйымын кәмелетке толмағанға сатқан, яғни ол өзінің іс-әрекетімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 133-бабының  1-бөлігінде көзделген әкімшілік  кұқық бұзушылықты жасаған.

Өскемен қаласының екі тұрғыны тонау жасағаны үшін кінәлі болып танылды

28/04/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 191-бабының, 2-бөлігінің, 1,3-тармағы (тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бойынша К., Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Әлеуметтік көмек көрсетті

28/04/2017

Катонқарағай аудандық сотының басты жұмыстарының бағыттарының бірі балаларға қамқорлық жасау, яғни қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға әулеметтік көмек көрсету болып табылады.

Улкен Нарын ауылында «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерті өтті, аталған шараның барысында Катонқарағай аудандық сотының ұжымы  арнаулы әулеметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға ақшалай көмек көрсетті.