Архив событий

19/04/2017

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров заң факультеті студенттеріне дәріс оқыды

19/04/2017

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров заң факультеті студенттеріне дәріс оқыды.

Шараға тыңдаушы ретінде заң факультетінің студенттері мен оқытушылары, жергілікті «Рудный Алтай», «Дидар», «Алдаспан», республикалық  «Егемен Қазақстан» газеттерінің және  «Қазақстан Өскемен», «Атамекен» телеарналарының тілшілері қатысты.

Өскемен қаласында облыстың жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінің студенттері арасында «Ең үздік сот процесі» конкурсы өткізілді

19/04/2017

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған айлық аясында облыстың жоғарғы оқу орындарында көптеген  шаралар өткізілуде.

Осындай шаралардың бірі, «Қазақстан Судьялар Одағының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен «Қазақстан халықаралық құқықтық қарым-қатынас қоры»  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  Өскемен қаласы Әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Өскемен қаласында облыстың жоғарғы және орта оқу орындарының заң факультеттерінің студенттері  арасында «Ең үздік сот процесі» конкурсы  өткізілді.

Семей қаласының Ювеналды сотында ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз-конференция өтті

19/04/2017

Сот қызметінің ашықтығын, атқарылған жұмыстарын  және қол жеткізген жетістіктерін, алдағы уақыттағы жоспарлары мен бағыт-бағдарларын қоғамға жеткізу мақсатында ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Р.Ақпар және судьялар С.Азмаганбетова, Р.Байжуманова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «2017 жылдың бірінші тоқсанындағы соттың атқарған жұмыстарын талқылау» тақырыбында баспасөз-конференция өткізді.

Екі қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

19/04/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 108- бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша екі қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  тараптар бірін-бірі ұрып-соққаның салдарынан әрқайсысы жеңіл дәрежедегі  дене жарақаттарын алған.

Сот отырысына тараптар өзара медиативтік тәртіппен татуласқандарын, сотта медиативтік келісімі ерікті түрде болғанын бекітті.

Соттың қаулысымен қылмыстық іс тараптардың татуласуларына байланысты медиация тәртібінде қысқартылды.

Тарбағатай аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

19/04/2017

Кеңсе меңгерушісі А.Касенгалиева сот кеңсесі мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының 05.03.2016 жылғы №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесінің 7-8 тарауларына  сәйкес  семинарлық сабақ өткізді.

Семинарлық сабақ барысында сот төрелігінің ашықтылығы және қолжетімділігн қамтамасыз етудің бірден бір жолы электронды ақпаратты пайдаланудың тиімділігіне баса назар аударды.

Сот залында қамауға алынды

19/04/2017

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 476-бабының 1-бөлігі негізінде Зайсан аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген Д-ға қатысты ұсынымын қарады.

Д. Зайсан аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге сотталған,  жаза өтеу тәртібін қасақана бірнеше мәрте бұзған.

Тарбағатай аудандық сотында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

19/04/2017

Сот төрағасы К.М.Садуакасова судьялар мен кеңсе мамандарының арасында ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады.

Шараға қатысушыларға Елбасымыздың жаһандану жағдайында ұлттық мемлекет құрудың жауапкершілігі ХХІ ғасырдағы  ұлттық сананы жаңғыртудың маңыздылығы туралы айтқандарын түсіндірді.

Шетел азаматтарының құқығын қорғау

19/04/2017

ШҚО Үржар ауданының №2 аудандық сотымен құқық қорғау саласының қызметкерлерімен «Халықаралық ЭКСПО-2017» қойылымы қарсаңында келетін шетел азаматтарының халықаралық келісімдерде және Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген  құқықтары мен бостандықтарын сақтау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Семей қалалық сотының судьялар құрамы жаңа судьялармен толықты

19/04/2017

2017 жылдың 10 сәуірдегі № 458 Қазақстан Республикасы Елбасының Жарлығымен Д.Б.Кәрімова және Ж.Ж.Жанатбекова Семей қалалық сотының судьялар лауазымына тағайындалды.

Жаңадан келген судьялардың құқықтық тәжірибелері мол – Динара Булатқызы Кәрімова өз еңбек жолын 1999 жылы құқық пәнінің оқытушысы болып бастаған, Семей қаласының Әділет басқармасының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша маманы және нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы болып, акционерлік қоғамының басшы лауазымдарында қызметін жалғастырған.

Іс жүргізудегі мемлекеттік тіл

19/04/2017

Шығыс Қазақстана облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Іс жүргізудегі мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Аталған семинарға сот төрағасы Б.Ә. Кәсенов, судьялар және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов аталған шараның маңыздылығы ерекше екендігін атап, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді құрметтеу қажеттілігі туралы айтты.

Абай аудандық сотында семинар сабақ өтті

19/04/2017

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында бас маман Х.Қуандықтың ұйымдастыруымен кеңсе мамандарының қатысуымен  «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындауға жіберу» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жазаға тартылды

19/04/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған М-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, азаматтық іс бойынша жауапкер М., сот отырысына дәлелді себепсіз келмеген. Жауапкерге сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы тиісінше хабарланған. Істі жауапкердің қатысуынсыз қарау мүмкін болмағандықтан іс кейінге қалдырылған.

Абай аудандық сотында семинар сабақ өтті

19/04/2017

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында бас маман С.Жангеловтың ұйымдастыруымен кеңсе мамандарының қатысуымен  ««Төрелік» бағдарламасына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  ақпараттық есепке алу карточкаларын толтыру» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Азаматтық іс медиациямен аяқталды

19/04/2017

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының өндірісінде берешек сомасын өндіру туралы азаматтық ісі медиациялық келісіммен аяқталды.

Іс  материалдарына сәйкес, талапкер 2015 жылы жауапкерге қолхат негізінде  1 400 000 теңге ақшаны қарызға берген, алайда жауапкер оны қолхатта белгіленген мерзімде  қайтармағандықтан, талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Рақымшылық Заңы қолданылды

19/04/2017

Аягөз аудандық соты ШҚО бойынша ҚАЖД Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысының сотталған Е-нің жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысын қарады.

Сот отырысында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің өкілі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 3-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан шектеуге сотталған Е-ні жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысын қанағаттандыруды сұрады.

Медиация – оңтайлы шешім

19/04/2017

Аягөз аудандық сотымен ҚК-нің 190-бабының, 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) Ш.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында,  азамат Ш.-ның Аягөз қаласының тұрғыны   Ю-дің «Самсунг» маркалы ұялы телефонын сұрап алып, кейіннен жоғалтып алдым деп, алдап сатып жіберіп, жәбірленушіге 40 000 теңге  көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды

19/04/2017

Бородулиха аудандық сотымен  ҚК-нің 214-бабы,  1-бөлігі (елеулі ауқымда акцизделетін тауарларды сақтауға және сатуға ұштастыра арнайы рұқсатынсыз (лицензиясыз) заңсыз кәсіпкерлік қызмет) Б-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Басты сот талқылауында анықталғандай, Б. өз үйінде мемлекеттік лицензиясынсыз спирттік ішімдіктерді заңсыз сақтап, сатқан.

Тауартану сараптама қорытынды бойынша, кідіртілген тауарларды нарықтық құңы 3 363 449 теңгені құраған.

Студенттермен кездесу өткізілді

19/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Л.А.Побияха Қазақстан-Американдық еркін университетінің  «Құқықтану» кафедрасының 3 курс студенттерімен кездесті.