Архив событий

27/04/2017

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы

27/04/2017

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының төрағалығымен күн тәртібінде: «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғырудың негізі»  атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әрбір азаматтың міндетті

27/04/2017

Зайсан аудандық сотында төраға Б.Мергембаев, судьялар Г.Нуртазинова, Н.З.Хасенбаев,  Ш.Оспанованың, сот мамандары  және БАҚ өкілі Ахыт Айдостың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әрбір азаматтың міндетті» атты тақырыбында брифинг өткізді.

Халықаралық сипатта дөңгелек үстелге студенттер мен оқытушылардың кездесуі өтті

27/04/2017

Семей қаласының судьялары Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің оқытушылары мен студенттері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Ресей Федерациясы Новосибирск қаласының мемлекеттік техникалық заң факультетінің деканы С.А. Поляков пен қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы О.А. Исаева қонақ ретінде қатысты.

Оқушылармен кездесу өткізілді

27/04/2017

Курчатов қалалық сотында, сот төрағасының м.а. А.К.Сыздыковтың бастамасымен, Курчатов қаласының №3  орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – сот жұмысының ұйымдастырылуымен таныстыру, оқушылардың жалпы сот жүйесіне деген қызығушылығын қалыптастыру, келешекте заңгер мамандығын игерем деген оқушыларға қажетті мағлұмат беру болды.

Студенттер сот жұмысымен танысты

27/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан-Американдық Еркін Университеті колледжінің студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

Студенттер сот ғимаратына экскурсия жасап, ақапарттық тақталар мен келушілерге арналған күту залымен танысты. Сонымен қатар, қонақтар кеңсе жұмысымен танысып, медиация кабинетінде және оқу залында болды. Жаңа дыбыс-бейне жазу құрылғылармен жабдықталған сот отырысының залдарын көрді.

Пилоттық жоба аясындағы семинар

27/04/2017

Курчатов қалалық сотында, қалалық сот судьяларының және кәсіби емес медиаторлардың қатысумен «Сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеуді жекелеген санаттар бойынша медиация тәртібімен шешуді тиімді енгізудің пилоттық жобасын іске асыру. Татуластыру рәсімдері бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өткізді.

Курчатов қалалық соты төрағасының м.а. А.К. Сыздыков пилоттық жоба аясында сотқа дейінгі дауларды реттеу және медиация тәртібімен шешуді пилоттық жоба аясында  қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Катонқарағай аудандық сотында тренинг өткізілді

27/04/2017

Құқықтық  білімін арттыру мен кәсіби біліктілігін жоғарылату  мақсатында Катонқарғай аудандық сотының төрағасы  Б. Секербеков оқу-әдістемелік  тәжірибесін өтіп жүрген  М.Еркебаевамен тренинг өткізді.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы құжаттарды жолдау тәртібі

27/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.Алтайұлы, сотқа қатысушы тараптарға және сотқа келушілерге «Сот кабинеті» арқылы талап арыз беру тәртібі тақырыбында семинар өткізді.

Бас маман А.Алтайұлы өз сөзінде, соттарды оңтайландырудың басты бағыттарының бірі, сондай-ақ сот төрелігінің максималды тұрғыдағы жариялығы, электронды ақпараттық технологияларды қолдану болып табылатынын айтып көрсетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

27/04/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқару) бойынша құқық бұзушылық жасаған М.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта М. автокөлікті көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiмен басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жұмыс берушіден 6.434.975 теңге сомасында еңбекақы бойынша берешекті жұмысшылар пайдасына өндірді

27/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық сотына 13 өтініш беруші

«УланКом-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы арызымен жүгінді.

Абайла жүргізуші – жаяу жүргінші

27/04/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, жәбірленушінің денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) бойынша құқық бұзушылық жасаған Ж.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

27/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотпен медиациялық келісім бекітілді

27/04/2017

Күршім ауданының №2 аудандық соты  ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі, 149 бабы 2-бөлімімен (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолдану және тұрғынжайға онда тұратын адамның еркінен тыс заңсыз күш қолданып басып кіру) бойынша азамат Р-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта Р.Селеубаев алкогольдік масаң күйінде жәбірленуші Д-ға қоғамдық орында қол жұмсап дене жарақатын түсіріп, жәбірленуші Н-нің тұрғынжайына оның еркінен тыс күш қолданып басып енгендігі анықталды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны үшін сотталды

27/04/2017

Курчатов қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің  366-бабының 1-бөлігімен (пара алу)  азамат О.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғаны,  азамат О.  балабақша директорының лауазымында, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған. Атап айтқанда, аз. Г.-ның кәмелетке толмаған қызын балабақшаға орналастыру үшін, 40 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Тараптар медиация тәртібінде татуласты

27/04/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында К-нің Т-ға ата-ананы асырау үшін борышақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қысқартылды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер жалғызбасты зейнеткер бол тұра материалдық қиындық көрген, осыған орай ол қызынан борышақы өндіру үшін сотқа жүгінген.

«Ашық есік күні» өткізілді

27/04/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс шараның мақсаты  - тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.