Архив событий

21/04/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот мамандары арасында семинар сабақ өткізілді

21/04/2017

Семинар Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің бекіткен Жоспарын  орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына облыстық соттың мамандары қатысты.

Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы М.Шаяхметова  «Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі» тақырыбында, бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Уалиева «Апелляциялық сатыдағы азаматтық істерді ұйымдастыру» тақырыптары бойынша баяндамалар оқыды.

Тарбағатай аудандық сотының судьялары мен кеңсе мамандары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайындағы жиынға қатысты

21/04/2017

Тарбағатай ауданы әкімдігінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты жиын өтті.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері О.Е.Мұсағали, Р.М.Сләмхан,  аудандық сот, прокуратура, ішкі істер органы және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты.

Зайсан аудандық сотының төрағасы Қарабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді

21/04/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Қарабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесіп, Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру мақсатында «Медиация - дауды шешудің тиімді жолы» тақырыбында баяндама жасады.

Соттың шешімін орындамағаны үшін автокөлік жүргізуге берілген куәлік қолданысы тоқтатылды

21/04/2017

Зайсан аудандық сотында  Шығыс Қазақстан облысы өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы С.Салықбаеваның борышкер Е.-ге қатысты ұсынымы қаралды.

Сот шешімі негізінде Е.-ден К-нің пайдасына екі баланы асырау үшін барлық тапқан табысынан ай сайын 1/3 бөлігі алимент ретінде өндірілген, 01.04.2017 жылға борышкердің алимент бойынша қарызы 133 905 теңгені құраған.

Заңсыз балық тасымалдаған

21/04/2017

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Зайсан қаласының тұрғыны Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істі қарады.

Полиция  қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында, автокөлікпен 503 килограмм көксерке балығын, ешқандай құжаттарсыз, яғни заңсыз Алматы қаласына тасымалдап бара жатқан Зайсан қаласының тұрғыны Т. ұсталған.

Сотта ақпарат алмасу сұрақтарына арналған дөңгелек үстел өткізілді

21/04/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың кейбір сұрақтары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Семинар өтті

21/04/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Семинарда соттың бас маманы Хамитов Ж. баяндамасында  Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтынын, сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылатынын атады.

«Жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау» тақырыбында семинар өткізілді

21/04/2017

Үржар аудандық сотының судьясы М.Д. Молдабаев «Жекелеген санаттар бойынша  дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін  реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау» атты  тақырыпта  семинар өткізді.

Шараға кәсіби емес медиаторлар  С.А.Жексембаев, М.Х. Саркулов, А.Н.Түрлиев, қорғаушы Ж.З.Рахимова, құқықтық көмек көрсетуші жеке кәсіпкерлер Ә.Серікқазыұлы, А.Аталыков, Г.Тлегенова қатысты.

ШҚО бойынша медиаторлар палатасы құрылғанына 5 жылдығын атап өтті

21/04/2017

ШҚО бойынша медиаторлар палатасы құрылғанына 5-жылдық мерейтойына байланысты «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс шараға қалалық және облыстық соттардың, қалалық және облыстық прокуратураның, «Нұр Отан» партиясының, Өскемен қаласының Қоғамдық Кеңесінің, Өскемен қаласының «Тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өткізілген іс шарада Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Екатерина Белавина қатысты.

Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жiберілді

21/04/2017

Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының, 5-тармағында (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Х.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталағандай, Өзбекістан азаматы Х. Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен келіп, Курчатов қаласының аумағында ақылы қызмет атқарып, көші-қон заңнамасын бұзған.

Көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қамаққа алынды

21/04/2017

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 608-бабы, 6-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару құқығы жоқ адаммен жасалған әрекеттер) бойынша әкімшілік  жауапкершілікке тартылған  Қытай Халық Республикасының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дау медиация тәртібінде шешілді

21/04/2017

Курчатов қалалық сотында талапкер М-ның жауапкер А.-ға қойған қарыз өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер М. сотқа жауапкер А.-дан қарыз өндіру талабымен жүгінген. Талабын жауапкердің өзінің иелігіндегі дүкеннен 18 000 теңгеге қарызға  тауар алып, ақшасын айлықтан берем деп, бірақ осы күнге дейін қарызын бермегенімен түсіндірген. Жауапкерден 18 000 теңге, мемлекеттік баж төлеуге кеткен шығынды және комиссиялық алымды өндіруін сұраған.

Сот рақымшылық актісін қолдану туралы пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

21/04/2017

Бесқарағай аудандық сотымен рақымшылық актісін қабылдау туралы Бесқарағай  ауданы пробация қызметінің ұсынысы бойынша бас бостандығын айыруға қатысты емес сотталғандардың қылмыс жасағаны үшін М мен  Б-ға қатысты істері қаралды.

Қылмыстық жауапқа тартылды

21/04/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен  азамат  О. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК  340 бабы 3 бөлігі 4 тармағымен, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Сот мәжілісінде анықталғаны,  азамат О.  ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын учаскеден, ешқандай рұқсатсыз екі дана ағаш кесіп өз пайдасына жаратқан, осы әрекетімен мемлекеттке материалдық шығын келтірген.

Жаңа Тілек ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

21/04/2017

Үржар аудандық сотының  төрағасы Д.С. Серикбай  Үржар ауданының  Бестерек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде сот төрағасы «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» әзірленгенін атап өтті.

Белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған

21/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Украина азаматы Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жолдың қарсы бағыттағы қозғалысына арналған бөлігіне шыққан

21/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, Е. өзінің басқаруындағы автокөлікпен Өскемен қаласы Қабанбай батыр көшесі №148 үйдің маңында, төрт жолағы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда жолдың қарсы бағыттағы қозғалысына арналған жағына шығып, сол боймен қозғалған.  

Көлiк құралдарының жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығуының проблемалық сұрақтары талқыланды

21/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы С.М. Ибраевтың төрағалық етуімен «Көлiк құралдарының  жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығуының проблемалық сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.