Архив событий

24/04/2017

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Сот ғимаратында мультимедиялық функциялы телефон, смартфон, планшеттерді қолдануға тыйым салу» тақырыбында семинар өткізілді

24/04/2017

Көкпекті аудандық сотында сот приставы Б.Құржанбаев  кеңсе мамандары мен мамандандырылған күзет қызметкерлерінің арасында «Сот ғимаратында мультимедиялық функциялы телефон, смартфон, планшеттерді қолдануға тыйым салу» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Аталған іс-шараға  кеңсе менгерушісі Ш.Қалдыбаева, бас маман сот отырысының хатшысы Г.Омырзакова, бас маман сот отырысының хатшысы И.Құсманқызы, жетекші маман Ә.Төлегенқызы, кіші қамту қызметкерлері К.Сыдыков, О.Құржанбаева және  МКҚБ-ның қызметкері С.Акшокаев қатысты.

«Сот актілерін және хаттамаларын бағдарламаға уақытылы енгізу» тақырыбында семинар өтті

24/04/2017

Бесқарағай аудандық сотында азаматтардың бағдарламаға сот актілерін уақытылы енгізу, жолдау туралы арыз-шағымдарының алдын алу мақсатында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинар өткізілді.                                                                                 

Достық Үйінде дөңгелек үстел өтті

24/04/2017

1 мамыр - Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесі қарсаңында Өскемен қалалық сотының судьялары М.С.Магзумова мен А.К.Рамазанова Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігі аппаратының «Достық Үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ-інде «Біздің қоғамдағы бірлік, бейбітшілік және келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оған Өскемен қалалық сотының судьялары, кәсіби медиатор М.И.Дьячук,  Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігі аппаратының «Достық Үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің ұжымы қатысты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы сенбілік өткізді

24/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы сенбілік өткізді.

Дәстүрлі сенбілік шарасына аталмыш соттың төрағасы, кеңсе меңгерушісі және мамандары қатысты. Сенбілік барысында сот ғимаратының айналасы мен жол жиегі қоқыстан түгел тазартылды. Сонымен қатар, сот ғимаратының қоршаулары мен жол жиегі ағартылып, сот ғимаратының маңайы тазаланды.

Осылайша, сот ұжымы өздерінің әрекеті арқылы туған қаламыздың тазалығына әрбір тұрғын үлес қоса алатындығын көрсетті.

 

Аягөз аудандық сотына еңбек еткен фактіні тану туралы азаматтық іс қаралды

24/04/2017

Аягөз аудандық сотына Д-нің еңбек еткен фактіні тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында, анықталғандай азамат Д-нің зейнеткерлікті рәсімдеу мақсатында 20.04.1987 жылдан 07.12.1998 жыл аралығында Аягөз МПМК-і мекемесінде шебер ретінде еңбек еткен фактіні анықтап тануды сұраған.

Аягөз аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

24/04/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 200-бабының, 3-бөлігінде (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сатқан) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Ж. Темір жол бекетінің жанында орналасқан  сауда дүкенінде бір  шөлмек алкогольдік ішімдігін сатып, Заңмен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасады

24/04/2017

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай аудандық сотымен Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйм салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат Н-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

24/04/2017

Өскемен қалалық сотына азамат К. азамат Б.-ға 800 000 теңге ақша қаражатын өндіру жайлы талаппен жүгінді.   

Істі сот отырысында қарау барысында, екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы дауды партисипативтік рәсімге қол жеткізіп, партисипативтік келісімді судьяға бекітуге ұсынды. Аталған келісімнің шарты бойынша талапкердің банктік есеп шотына жауапкер Б. екі ай ішінде 800 000 теңге ақша қаражатын аударуға міндеттелді.  

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/04/2017

Өскемен қалалық  сотымен ӘҚБК 653- бабының, 1-бөлігі бойынша, яғни сотқа құрметтемеушілік білдіргені азамат Л.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653- бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қатонқарағай аудандық сотында «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түрлерін жою туралы Конвенция шарттарының сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

24/04/2017

Қатонқарағай аудандық сотында «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түрлерін жою туралы Конвенция шарттарының сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Аталмыш шараға судьялар мен сот мамандары және адвокат Б.Құсаинова мен аудандық ІІБ қызметкері Е. Альханов  қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

24/04/2017

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көкпекті аудандық сотының шешімімен  "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының талап арызы бойынша А-дан мемлекет пайдасына 42 535 теңге   баж салығы өндірілген. Алайда А.-ның бүгінгі күнге дейін аталған сот шешімін орындамағаны жөнінде, жеке сот орындаушы А.Ибрагимовтың ұсынысымен анықталған.

3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

24/04/2017

Көкпекті аудандық  соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша К-ға қатысты  әкімшілік іс қарады.

Сотта істі қарау барысында, К. алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды.

Ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/04/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының, 1-бөлігі бойынша  (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу туралы) Күршім ауданы Боран ауылдық округінің әкімі А-ға қатысты істі қарады.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

24/04/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК 108-бабы, жеке айыптау шағымы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы)    Б-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, сотталушы  Б мен М бірге спирттік ішімдіктер ішкен,  М үйіне кайтпай,  екеуі алкогольдік масаң күйде сөзге келіспей қалып, сотталушы Б.  жәбірленушіні темір көсеумен бетінен ұрып, дене жарақатын салған.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласып, қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.