Архив событий

13/04/2017

Мемлекеттік тіл жөнінде семинар өтті

13/04/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Н.Сагалова сот мамандарының қатысуларымен «Мемлекеттік тілдің тағдыры» тақырыбында семинар сабағы өткізді.

«Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өтті

13/04/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережелерін зерделеуге арналған сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өтті.

Кеңсе меңгерушісі Г.Шакирова баяндамасында Ереженің келесі бөлімдерін:«Ережеде пайдалынылған негізгі ұғымдар», «Іс жүргізуді қамтамасыз етуге негізгі міндеті және іс жүргізуді ұйымдастыру басшылығы», «Құжаттардың орындалуын бақылау», «Істерді алу және беру», «Мөрді, штампты, қатаң есептегі бланкілерін есепке алуды, сақтауды және қолдану» туралы толық түсіндірді.

«Ашық есік күні»

13/04/2017

Жарма аудандық сотының судьясы Д.Т. Толегеновтың, сонымен қатар ауданның кәсіби емес медиаторларының қатысуымен  медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - халыққа медиацияны қолдану сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету.

Аталған іс-шара аясында келген ауданымыздың  тұрғындарына екі жақты да қанағаттандыратын өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін медиаторға жүгіну мүмкіншіліктері түсіндірілді.

Артқа қарай қозғалыс барысында маневрдің қауіпсіздігін ескермеген

13/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

13/04/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/04/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында ҚК 188-бабы, 1-бөлігімен, яғни ұрлық - бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру үшін Н.Нечунаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім беріліп, тараптар татуласуларына байланысты істі қысқартуды сұраған.

Медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, сот қаулысымен  қылмыстық  іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қатонқарағай аудандық сотында семинар өтті

13/04/2017

Қатонқарағай  аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіру бойынша аудан әкімдігі, кәсіби емес медиатордың және аудан тұрғындарының қатысуымен семинар өтті.     

«Сот кабинеті» тақырыбында дәріс өткізілді

13/04/2017

Катонқарай аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі тақырыбында бас маман Ш.Теміржанова дәріс оқыды, тыңдаушылар ретінде судьялар, сот қызметкерлері, Катонқарағай ауданының адвокаты Б.К. Құсаинова және құқық қорғау органдарының өкілідері қатысты.

Тұрғындармен кездесу өткізілді

13/04/2017

Мемлекет басшысы судьялардың VII съезінде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі негізде жүргізу қажеттілігі туралы тапсырма қойған болатын. Осыған орай Катонқарағай  аудандық сотының бас мамандары Ш.К.Темиржанова және К.Самарханов аудан  тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту жасалды

13/04/2017

Ұлан аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 461-бабымен (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  А өз  үйінде  жұбайына қарсы балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзғандығы анықталды.

Мемлекет пайдасына 113 450 теңге айыппұл өндірілді

13/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабының 5-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру,  қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта,  Д көлік басқару құқығынсыз, Семей қаласында көлік басқарып келе жатып жолда жүру ережелерімен тыйым салынған жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кетіп, ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігін бұзғандығы анықталды.    

Алкоголдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

13/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша Ж-ке қатысты (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Ж-ның  алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды.