Семей қаласының Ювеналды сотына ҚазИГЗУ студенттері келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылықты жоғарлату жоспарын орындау шеңберінде сот төрағасы Р.Ақпар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бірінші курс студенттеріне экскурсия өткізді.

Студенттер 3 сот мәжіліс залдарын, медиация, психологтың кабинеттерін, балалар бөлмесін, сонымен қатар, сот мұражайын аралап, болашақ заңгерлер әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер қарайтын судьялармен әңгімелесу жүргізілді.

Әңгімелесу барысында қатысушыларда оларды қызықтырған сот жұмысының тетіктері туралы анықтап сұрау  мүмкіндігі болды. Студенттерді сот даулардың қандай санаттарын қарайды, істерді қарау барысындағы туындайтын қиындықтар туралы және сотқа жүгіну барысындағы құжаттарды әзірлеу сұрақтары қызықтырды.

Аталған шараның соңында студенттер сот ұжымына жылы қарсы алғандары және мазмұнды ақпарат бергендері  үшін алғыстарын білдірді.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі