Архив событий

05/04/2017

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау

05/04/2017

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында қаралған істер бойынша брифинг өтті

05/04/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  2017 жылдың 3 айында қаралған істер бойынша брифинг өтті

Баспасөз конференциясына «Арай-Луч» аудан газетінің, Катонқарағай ауылдық округінің  өкілдері және Катонқарағай ауылының  кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Бородулиха аудандық сотымен пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында 94 іс аяқталған

05/04/2017

2017 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы өзге санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы  пилоттық жобасының Ережесін  бекіткен.

Жылдың І тоқсаны қорытындыланды

05/04/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев Риддер қалалық сотының ағымдағы жылдың І тоқсанындағы жұмысын қорытындылау бойынша жиналыс өткізді.

Сот төрағасы шара барысында қалалық соттың жалпы көрсеткіштерді атап, статистикалық деректерді келтірді: есептік кезеңде түскен азаматтық істер саны 853 (өткен жылы 763), 86 қылмыстық іс (65).

«Ашық есік күні» өткізілді

05/04/2017

Катонқарағай  № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Іс шара  халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында өткізілді.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

05/04/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК 108-бабы, жеке айыптау шағымы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы) Д.Рамазановқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Д.Рамазанов С-ның үйіне барып, оны шақырып алып  еш себепсіз жұдырығымен бірнеше рет ұрып, жеңіл түрдегі дене жарақатын келтірген. Сот отырысында тараптармен медиация тәртібімен татуласу бойынша және қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.

Глубокое аудандық сотымен екі қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды

05/04/2017

Глубкий аудандық сотында ҚК-тің 188-бабының, 2-бөлігінің 1) тармақшасымен айыпталған А.Бакановқа және ҚК-тің 188-бабының, 2-бөлігінің 3) тармақшасымен айыпталған С.Воробьевке қатысты қылмыстық істер қаралды.

Аталмыш тұлғаларға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және тұрғын үй-жайға заңсыз кiру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғандары үшін айып тағылған.

Жеке айыптауға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

05/04/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 131-бабы 1 бөлігімен (қорлау) жеке айыптау тәртібінде қылмыстық  іс қаралды.

Сотта, сотталушы Б спирттік ішімдік ішкен масаң күйінде жәбірленушіге тіл тигізіп, қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені анықталды.

Сот талқылауында, кәсіби емес медиатор Н.Жадранованың қатысуымен медиативтік келісімге келуіне байланысты, жәбірленуші және сотталушы қылмыстық істі тоқтатып, аталған келісімді бекітуді сұрады.

Тарбағатай аудандық сотында «Сот ғимаратына кіріп-шығудың ішкі тәртіп ережелерін сақтау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

05/04/2017

Тарбағатай аудандық сотында «Сот  ғимаратына кіріп-шығудың ішкі тәртіп ережелерін сақтау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Шараға сот кеңсесі мамандары, сот приставы және Мемлекеттік күзет қызметі ММ қызметкерлері қатысты.

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында 2017 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

05/04/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.К.Ахмеджанов «Тарбағатай» газетінің тілшісі Е.Бапановтың  сұрақтарына жауап бере келе, брифингте Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігіне  тоқталды.  Сотта  3 ай ішінде 5 қылмыстық іс, 62 азаматтық іс, 91 әкімшілік іс қаралған, аталған мерзімде 25 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылып, оның ішінде 1 қылмыстық іс, 13 азаматтық іс, 11 әкімшілік іс қыстартылғанын айтты.

ҚР Заң талаптарын бұзуды жою туралы ұсынысты орындамағаны үшін айыппұл салынды

05/04/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Нан қабылдайтын кәсіпорын «Шығыс Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) әкімшілік істі қарады.

Азаматтық іс бойынша екі неке медиация тәртібімен сақталды

05/04/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында неке бұзу туралы талап арыздар  бойынша  екі азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар медиатордың қатысуымен өзара татуласқанын көрсетіп, медиативтік келісімді ұсынып, істі өндірістен тоқтатуды сұрады. 

Сот ұйғарымымен тараптардың некені бұзу туралы талап арыздары бойынша қозғалған азаматтық істер медиация тәртібімен келісімге келуіне байланысты өндірістен тоқтатылды.

Сот ағайындыларды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге шешім шығарды

05/04/2017

Тарбағатай аудандық сотында «Тарбағатай аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының екі азаматты мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға жіберу туралы арызы қаралды.                                               

Медиация тәртібінде қылмыстық іс қаралды

05/04/2017

Риддер қалалық сотымен ҚК-тің 131-бабының, 1-бөлімімен (қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадер-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту) қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағым бойынша қылмыстық іс қаралды.

Істі басты сот талқылауына тағайындауға дейін жеке айыптушыдан және сотталушыдан істі медиация тәртібімен татуласуларына байланысты бірлескен өтініш түсті.

21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

05/04/2017

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабы, 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік іс қаралды.

 «Светлана» дүкенінің сатушысы Б, алкоголь өнімін 21 жасқа толмаған  тұлғаға сатқаны анықталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

05/04/2017

Күршім аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.   

Шараға төраға Е.Т.Шымыров, Күршім  ауылдық округ акиматының мамандары  қатысты.

Сот төрағасы Е.Т.Шымыров  өз сөзінде, «Жемқорлықпен күресу мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес, мемлекеттің алдағы тағдырына алаңдайтын әрбір азаматтың парызы болып табылады. Осыған байланысты қоғам болып, мемлекеттік органдардың беделін бұзатын жаман әдетке қарсы тұру қажет, - деп атап өтті.