Сот жұмыскерді қайта жұмысқа орналастырып, еңбек ақысын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотымен Т.-ның «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның «Атом энергиясы институтының» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнына жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру және моральдық зиянның өтемін төлету туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында, жұмыс берушінің енбек шартын жұмыскердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған себептермен бұзуын негізсіз деп анықталды.

Талапкер сот отырысында  жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру туралы талабын қолдап, моральдық зиянның өтемін төлету туралы бөлігін қараусыз қалдыруын өтінді.

Сот шешіміне сәйкес талапкердің  жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру туралы талабы қанағаттандырылып, оның пайдасына 283 562 теңге көлемінде еңбекақысы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Курчатов қалалық сотының

 баспасөз қызметі