Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов «Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету» тақырыбында сот судьяларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов осы іс-шараны ашып, сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету – Елбасы белгілеген басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.Осы міндетті жүзеге асыру үшін соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет етуі маңызды болып табылады.

Судья Л.А.Побияха судьялардың БАҚ өкілдерімен нақты істер, сот ісін жүргізудің проблемалары бойынша пікір алмасу, сындарлы сұхбат құру шеберлігі судьялар мен журналистердің кәсібилігін көрсететінін атап өтті.

Бұған қоса, судьялар мен журналистер соттарда жаңа технологияларды қолдану аясын кеңейту, ақпараттық қызметтерді пайдалану тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

«Мой город» газетінің  тілшісі Р.Кудинов соттардың ашықтығы мен қолжетімділігі артқанын, ақпараттық технологиялардың дамуы осыған әсер ететінін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, брифингтерді, баспасөз конференцияларын, журналистермен кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыру қажеттігін айтты.

Кездесу соңында соттың БАҚ-пен одан әрі өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі