Сот әкімшілік құрамының жоқ болу себебінен әкімшілік іс өндірісін қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотымен Тәжікістан Республикасының 6 азаматына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 517 бабы 5 бөлімі бойынша әкімшілік ісі қаралды.

Глубокое аудандық ІІБ-нің инспекторының толтырған хаттамасына сәйкес, Тәжікістан Республикасының азаматтары жұмысқа орналасу рұқсатынсыз заңды тұлғада жұмыс атқарған. Осы себептен, азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚБК-нің 517 бабы 5 бөлімі бойынша сараланды.

Сот қарауы барысында Тәжікістан Республикасы азаматтарының еңбек қызметін атқаруға рұқсаттары бар екені және жеке тұлға болып келетін азамат С.-ның қарамағында жұмыс істейтіні анықталды. Сотқа инспектормен жұмыс берушінің заңды тұлға болып келетін дәлелдейтін құжаттар табысталған жоқ. Осыған сәйкес, азаматтар әрекетінде ҚР ӘҚБК-нің 517 бабының 5 бөлімі құрамы анықталған жоқ.

Тәжікістан Республикасы азаматтары олардың әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамының жоқ болу себебінен әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

Сотпен, Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторына қатысты жеке қаулы шығарылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ..

 

Глубокое аудандық сотының

 баспасөз қызметі