«Сот кабинеті» сервисі арқылы құжаттарды жолдау тәртібі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.Алтайұлы, сотқа қатысушы тараптарға және сотқа келушілерге «Сот кабинеті» арқылы талап арыз беру тәртібі тақырыбында семинар өткізді.

Бас маман А.Алтайұлы өз сөзінде, соттарды оңтайландырудың басты бағыттарының бірі, сондай-ақ сот төрелігінің максималды тұрғыдағы жариялығы, электронды ақпараттық технологияларды қолдану болып табылатынын айтып көрсетті.

Сот кабинеті – сот органдарының жүйесіне электронды түрде қолжетімділік. Азаматтар мен заңды тұлғалар кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар.

«Сот кабинеті» азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдейді. Енді азаматтар сотқа тек сот талқылауына дайындауға немесе сот отырысына қатысу үшін ғана келеді.

Сөз соңында, халық арасында күннен күнге «Сот кабинеті» сервисіне сұраныстың артып келе жатқаны айтылды. Сондықтан да азаматтарға сотқа жүгіну үшін қолданыстағы сервистер туралы ақпаратты жеткізу маңызды болып табылады.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі