«Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинарлық сабағы өтті.

Бесқарағай аудандық сотының судьясы А.Калиев өз баяндамасында   сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізуді және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беру қажеттігін атап өтті. 

Кеңсе меңгерушісі М.Алимханова сот актілері мен хаттамаларының  енгізілу жағдайына ақпарат беріп, сот қызметкерлеріне заңда белгіленген талаптарды және өздеріне белгіленген қызметтік міндеттерін қатаң сақтауды ескертті.                                                                  

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі