Шығыс Казақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Казақстан облысының  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу тақырыбы сот мамандарының қатысумен семинарда талқыланды.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі А.К. Кайсановава өз сөзінде, барлық түскен апелляциялық жеке шағымдар мен наразылықтар түскен күні тіркелетінін, құжаттардың өзінде олардың сотқа түскен уақыты туралы белгіні шағымды немесе наразылықты қабылдаған адам жасайтынын атап өтті.

Электрондық мазмұны есепке алу құжаттарына салынады. Почта арқылы түскен шағымға шағымның берілген күнін анықтау үшін конверті қоса тіркеледі. Процеске қатысушылар апелляциялық, жеке наразылықтарды немесе шағымдарды келтіру туралы хабарланады. Наразылықтың немесе шағымның көшірмесі аталған тұлғаларға жазбаша түрде қарсылық беру мүмкіндігі түсіндіріліп, оны беру мерзімі көрсетіліп, жіберіледі. Процеске қатысушылар апелляциялық, жеке наразылықтармен немесе шағымдармен қолдары қойдырылып таныса алады. Қамауда отырған сотталушылар апелляциялық, жеке шағыммен, наразылықпен қолдары қойдырылып танысады немесе оларға осылардың көшірмелері жіберіледі. Апелляциялық, жеке шағымға немесе наразылыққа түскен қарсылықтардың немесе түсіндірмелердің көшірмелерін алғаны туралы сотталғандардың қолхаттары іске қоса тіркеледі.

Сот актілерінің, хаттамалардың, апелляциялық, жеке шағымдар мен наразылықтардың, шығыс, кіріс құжаттарының электрондық мазмұны есепке алу құжаттарына салынады. Қажетті жағдайларда кіріс, шығыс және ішкі құжаттар арасында байланыс жасалады.

Апелляциялық жеке шағымдар мен наразылықтардың іспен бірге апелляциялық сатыға жіберілуі туралы шешімді бақылауды аудандық сот төрағасы мен іс солардың төрағалық етуімен қаралған судьялар жүзеге асырады.

Семинар соңында апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу тәртібін сақтап сондай-ақ, түскен өтінішхаттар және шағымдарды уақтылы қарау мақсатында,  шағымдардың түсу мерзімін қатаң бақылауға алу жөнінде айтылды.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі