ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының психологы дөңгелек үстелге қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотының психологы «Қоғамдағы зорлықты болдырмау» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Шараны ұйымдастырушы – «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы зорлықтың санын төмендету үшін профилактикалық шараларды әзірлеу.

Дөңгелек үстелде қарастырылған маңызды сұрақтар: қоғамда зорлықтың пайда болатын негізгі себептерін, ілескен факторларын, түрлерін, отбасында кездесетін зорлық және олардың алдын алу шараларын анықтау.

Дөңгелек үстелге қоғам Кеңесінің мүшелері және қоғамдық, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Аталған шара мемлекеттік, әлеуметтік «Құқықтар мен бостандықтарды қорғау, репродуктивтік денсаулықты қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізіп, кеңейту шаралар кешенін жүзеге асыру. Қиын өмірлік жағдайға түскен адамдарға құқықтық кеңес беру» жоба шеңберінде өтті.

Өз баяндамасында психолог Р.Самарова: «Ата-аналардың жеке мінез-құлқы, толерантты қарым-қатынастары, өзара сыйластық, балалардың алдында қарым-қатынастарды анықтамауы баланың болашақ мінез-құлық стилін қалыптастырудағы маңызды факторлары болып табылады», - деп атап өтті.

Дөңгелек үстел сенімді қарым-қатынаста өтіп, соңында модератормен дөңгелек үстелдің қорытындысы жасалды.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі