Семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Семинарда соттың бас маманы Хамитов Ж. баяндамасында  Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтынын, сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылатынын атады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі. Сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайда басқа тілдер де қолданылады, Басқа тілдерді қолдану қажеттілігіне белгілі бір тілде процестік әрекеттерді жасау мен шешімдерді қабылдау сот ісіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын барынша қамтамасыз ететін мән-жайлар жататынын айтып, сот iсiн жүргiзу тiлiн ерікті таңдау принципі – істің мән-жайларын анықтауға, нақты шешімдер шығаруға, сот арқылы құқықты қорғаудың қолжетімділігіне ықпалын тигізетінін атап өтті.

Семинарға қатысушылар, сот ісін жүргізу тіліне қатысты негізгі қағидаларына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, қазақ тілі - қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатыны және қазақ тілінің ары қарай дамуына біз барлық күшімізді салуымыз қажет екенін,  мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, мемлекеттік тілді іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтер туралы айтылды.

Іс-шара соңында семинарға  қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасты.

 

Катонқарағай №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі