Риддер қалалық сотында соттың мемлекеттік қызметкерлерімен кезекті семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік  қызметкерлердің қатысуымен Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К. Адаспаевтың төрағалық етуімен семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабақты өткізу барысында баяндамашылармен төрт сұрақтар талқыланды.  Яғни, «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі іс жүргізу бойынша шығыс және кіріс құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сот құжаттарының электрондық мұрағаты ақпараттық жүйемен жұмыс істеу тәртібі туралы, Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы және баспасөз-мәліметтерінің  дұрыс жасалу тәртібі туралы кең ауқымда талқыланды.

Семинар сабақтың соңында баяндамашылар назарларын «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі іс жүргізу бойынша талаптарын қатаң сақтауға,  Жоғарғы Сотпен әзірленген Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл Тұжырымдамасына аударды.

Семинар сабақты қорытындылай келе сот төрағасы Т.К. Адаспаев баяндамашыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғысын білдірді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі