Риддер қалалық сотында «Ғасырлардағы сот жүйесінің дамуы-Қазақстандағы әділдік кілтінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында «Ғасырлардағы сот жүйесінің дамуы-Қазақстандағы әділдік кілтінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К.Адаспаев, сот мамандары, мемлекеттік қызмет өкілдері сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.  

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К. Адаспаев іс-шараның қатысушыларына алғы сөз айтып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану жағдайында ұлттық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктерін жан-жақты талдап, ХХІ ғасырда ұлттық сана сақтау мен дамытудың нақты жолдарын ұсынғанын атап өтті. «Мемлекеттік-құқықтық жүйенің жаңғыруы, ең алдымен, қазақ халқына дамудың тарихи түп-тамырларына жүгінуді, адамгершілік, заңға мойынұсынушылық, әділдік және қазақ халқының тіршілік әрекетінің құқықтық саласына ежелден тән болған басқа да әлеуметтік құндылықтарының жоғалған мұраттарын іздеу мен қалпына келтіруді талап етеді.

Билер соты – қазақ сот ісін жүргізудің ұмытылмас тарихи құбылысы болып табылады, сот төрелігін жүзеге асыруға адал қатынас пен кәсібиліктің лайықты үлгісін бейнелейді», - деді.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі