Полиция қызметкерлеріне бас бостандықтан айыру жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының №2 аудандық сотымен Қылмыстық Кодекстің  24-бабының, 3-бөлігі, 190-бабының, 3-бөлігі,  2-тармағы (Алаяқтықтық жасауға оқталу), 362-бабының, 4-бөлігі, 1-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша құқық бұзушылық жасаған  Зырян аудынының ішкі істер бөлімінің  Жаңа –Бұхтырма аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері сотталды.

Зырян аудынының ІІБ Жаңа –Бұхтырма аудандық полиция бөлімшесінің криминалдық полиция тобының жедел өкілетті қызметкері  аз. Е. және Зырян аудынының ІІБ Жаңа –Бұхтырма аудандық полиция бөлімшесінің участкелік инспекторы  аз.Ө. қызмет бабын пайдалана отырып өзара қылмыстық келісімге келіп, аз. Х-ға  қатысты есірткіге ұқсас ақ ұнтақ затты тасымалдау фактісі бойынша, Х-ға оның жауапкершілікке тартылмайтынын және әрі қарай ешқандай іс қозғалмайтынын айта келе,  сенімді теріс пайдалану жолымен,  100 000 теңге көлемінде  заңсыз түрде сыйақы алмақшы болған, алайда олардың еріктерінен тыс жағдайға байланысты келіскен қылмыс ойларын аяғына дейін жүзеге асыра алмаған.Сонымен қатар, өз иелігіне иемдену мақсатындағы заңсыз жолмен  аз.Х-ға күш қолданып, аз.Х-ның заңды құқығын өрескел бұзып, құқық қорғау органдарының мәртебесіне зиян келтірген.

Сот үкімімен Е. және Ө. кінәлі  деп танылып, Қылмыстық Кодекстің 24-бабының, 3-бөлігі, 190-бабының, 3-бөлігі,  2-тармағы, 362-бабының, 4-бөлігі 1-тармағына сәйкес, орын алған құқық бұзушылықты жасағандары үшін- аз.Е-ге 5 жыл  бас бостандығынан , ал аз.Ө-ға 2 жыл бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалды, сонымен қатар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау қызметтеріне бір жолата шектеу қойылып, Қылмыстық  Кодекстың  49-бабының, 1-бөлігі бойынша   екеуі де полиция капитаны арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.

 

Зырян ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі