Пара алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының №2 сотымен пара алғаны үшін «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ филиалының Семей қаласының Жүк Тасымалы бөлімі басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Іс материалдарына сай сотталушы «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ филиалының Семей қаласының Жүк Тасымалы бөлімі басшысының орынбасары, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген тұлға бола тұра:

02.05.2017 жылы жәбірленуші С.-ны бөлмелерге қызмет көрсету техникалық қызметкерлері құрамынан вагондарға қызмет көрсету техникалық қызметкерлері құрамына ауыстырғаны және жалпы қызмет бойынша қамқорлығы үшін  5 000 теңге көлемінде,

19.05.2017 жылы жәбірленуші Т-ны Чаган станциясындағы филиалдың бөлімшесінен Семей қаласының Жүк Тасымалы бөліміне қызметін кедергісіз ауыстырғаны үшін делдал арқылы бірнеше рет жалпы 200 000 теңге көлемінде,

26.05.2017 жылы жәбірленуші О-ға «Раяна 2016» ЖШС-нің тауарларын тасымалдауға жылдам және кедергісіз жабық вагондарды 2017 жылдың мамыр айында ұсынғаны үшін бірнеше рет 30 000 теңге көлемінде,

31.05.2017 жылы жәбірленуші А.-ға тепловоз және цистерна вагондарын бергені және «Авантаж Ойл» кәсіпорынына жалпы қамқорлық көрсету үшін 100 литр көлемінде АИ-92 маркілі бензин талондарын жалпы 14200 теңге көлемінде пара алған.

Семей қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен теміржол саласында қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 17 444 000 теңге айыппұл төлеуге сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласы №2 сотының

баспасөз қызметі