Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 сотымен Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігімен, яғни  шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы бойынша үш іс қаралды.

Сот мәжілісінде құқық бұзушылар Қазақстан Республикасында тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған, яғни Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық  бұзушылар ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігімен кінәлі танылып, оларға жаза ретінде бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі