Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында аудандық ішкі істер бөлімінен келіп түскен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК-нің) 517-бабының, 4-бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында  Тарбағатай АІІБ-нің көші-қон қызметі тобының қызметкерімен, шетел азаматтарының жүріп-тұру заңдылықтарын тексеру кезіңде, Өзбекстан Республикасының азаматы И. шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімі 09.06.2017 жылы өтіп кетуге жол бергені, және оның ҚР-да болу мерзімін ұзартуға немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға шара қолданбағаны анықталды.

Сот, әкімшілік құқық бұзушының жауабын, прокурордың құқық бұзушының іс-әрекетінде ӘҚБтК-нің 517-бабының, 4-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықтың құрамы бар деп, оған әкімшілік жаза ретінде қамауға алуды сұраған қортынды сөзін тыңдап, іс құжаттарымен танысып, ӘҚБтК-нің 55 бабына сәйкес жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды, әкімшілік құқық бұзушының жеке басын, оның ешқайда жұмыс істемейтінін, тұрғылықты жері жоқ екенін ескере келе, оған әкімшілік жаза ретінде қамауға алуға негіз бар деп тауып, ӘҚБтК-нің 818-823 баптарын басшылыққа алып, сот құқық бұзушыны ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігімен айыпты деп танып, оны осы баппен 3 (үш) тәулікке мерзімге әкімшілік қамауға алуға қаулы етті.

Сот актісі заңды күшіне енгег жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

 баспасөз қызметі