Орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кескені үшін қылмыстық жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кескені үшін А. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот тергеуінде анықталғандай, аз.А. Зайсан орман шарушылығына қарасты «Жалпақ» учаскесінен заңсыз 58 түп балқарағай ағаштарын кесіп алып, мемлекетке 46 854 теңге мөлшерінде залал келтірген.

Зайсан аудандық сотының үкімімен  А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 340-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекетке келген залалды толықтай өтегенін, істеген әрекетіне өкінгенін ескере отырып, оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды, қылмыс құралы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан аудандық сотының 

баспасөз қызметі