«Мұрағат ісін жүргізу» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында кеңсе мамандары қатысуымен «Мұрағат жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар сабағын ашқан бас маман Козлова О. іс жүргізуді дұрыс қалыптастыру мен жүргізудің маңыздылығын атады. Мұрағаттарда ұйымның атқарылған барлық жұмысы сақталады. Ескі құжаттарды сақтау, іріктеу және жою ауқымды жұмысты қажет етеді. Бұл кез келген ведомстваның өзіндік тарихы. Сонымен қатар, электрондық мұрағат жүйе құжаттарды іздестіруге, оларды көшірмелеу мен таратуға кететін уақытты мейлінше қысқартатындықтан қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасайтыны, құжаттардың көп жылдарға сақталуына кепілдік беретіні айтылды.

Жиын барысында қолданыстағы ережеге сәйкес аяқталған істерді сот мұрағатына тапсыру, мұрағат құжаттарын сақтау талаптарын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі