Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық  сотымен ҚК-тің 188-бабының, 1-бөлігі 1,3-тармақтарымен  (ұрлық)  К.-мен П-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушылар К. және П. саяжай аумағынан жәбірленуші К.-ға тиесілі құндары 15 000 теңге тұратын су сорғысын, 15 000 теңге тұратын самаурынды және құны 2000 теңге тұратын шеге суырғыш құралын жасырын түрде ұрлап кеткен.  Қылмыстық  әрекеттерімен сотталушылар К.-мен П. жәбірленушіге 32 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Сот отырысында сотталушылардың қорғаушысы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Курчатов қалалық сотының қаулысымен сотталушылар К.-мен П.-ға  катысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Курчатов қалалық сотының

 баспасөз қызметі