«Медиация – татуластыру рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында «Медиация - татуластыру рәсімі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге банктердің, коммуналды мекемелердің, және ПИК-ні өкілдері  қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиация рәсімдерін, яғни медиация қағидаларын, медиация түрлерін және оның артықшылықтарын талқылады.

Судья А.К. Рамазанова өз сөзінде, медиация - дауласушы тараптардың өздерінің ерікті келісімі бойынша өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін медиатордың көмегімен дауды реттеу тәсілі екендігін, медиация тараптардың келісімімен ғана жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Дөңгелек үстел шеңберінде қатысушалар өзара пікір алмасты. Аталған тақырыптың мәселелері талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қаралды.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі