Қылмыстық теріс қылығы үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында К-ға қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (әрі қарай ҚК) 346-бабы 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

К., сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырыла тұра, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында «ВАЗ-21099» маркалы көлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Сот, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 387-390, 393, 401-402-баптарын басшылыққа алып, сотталушыны 346-бабы 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасауда кінәлі деп танып, осы бап бойынша үш жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан (көлік құралын басқару құқығынан) айырып, 200 (екі жүз) сағат қоғамдық жұмыстарға тартуға үкім шығарды.

Сотталғанның тәртібі мен қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды тұрғылықты жері бойынша Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметіне жүктеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі