Қылмыстық іс медиациялық келісім арқылы тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында Т.-деген азаматты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен айыптаған қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық теріс қылық туралы хаттамаға сәйкес Т.  Зайсан қаласында үйдің ауласында бос жүрген құны 4000 теңге болатын "Лайка" тұқымдас иттің күшігін жасырын түрде ұрлап әкетіп, жәбірленуші Т.-ға 4000 теңге болмашы залал келтірген.

Қылмыстық істі басты сот талқылауында қарау барысында сотталушы мен жәбірленуші кәсіпқой емес медиатордың көмегімен өзара медиациялық келісім жасаған, оған сәйкес сотталушы Т. жәбірленуші Т-ге қылмыспен келген залалды өтеп берген, ал жәбірленуші залалдың қайтуына және татуласуына байланысты сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.

Зайсан аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс бойынша тараптардың медиациялық келісімі бекітіліп, Т. қылмыстық жауаптылықтан босатылды, қылмыстық іс медиациялық келісім негізінде өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан ауданық сотының

 баспасөз қызметі